О внесении изменения в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 22/157-V от 17 апреля 2014 года "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Катон-Карагайского района" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Катонқарағай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының «Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3328 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 23 мамырдағы № 39 (7728) «Арай» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: осы шешіммен бекітілген, Катонқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында: 2-тараудың 10-тармағы 4) тармақшасы 11-азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын: «Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталғандарға – 5,4 айлық есептік көрсеткіш.»
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.