О внесении изменений в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 22/157-V от 17 апреля 2014 года «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Катон-Карагайского района» Күшін жойған
Басқа 0
«Катонқарағай ауданында әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» Катонқарағай аудандық
мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 22/157-V шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 қаулысына сәйкес, Катонқарағай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының «Катонқарағай ауданында
әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V (нормативтік құқықтық актілердің 2014 жылғы 20 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3328 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырдағы № 39 (7728) «Арай» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
1-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
22-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.