О внесении дополнения в решение районного маслихата № 22/4 от 31 января 2006 года «О ставках налогов и отдельных видов платежей» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 31 қаңтардағы №22/4 «Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-ІІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 31 қаңтардағы №22/4 «Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы» (тіркеу №13-10-26 2006 жылғы 7 ақпаннан, 2006 жылғы 1 наурыздағы №12 «Знамя труда» газетінде жарияланған) шешімінің 1 тармағы келесі мазмұнда. «Мамлют ауданы бойынша кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша қызметі аракідік сыпаттағы тұлғалар үшін бір күнге бір жолғы талондардың құны, 7 қосымшаға» сәйкес толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім арнайы бірінші жарияланған күннен соң, күнтізбе бойынша оз күн мерзім өткеннен кейін іске енеді. Келісілген Мамлют ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы Зейнуллин Б.З 2006 жылғы шілденің 11 Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Құрманғожинов Р.И. 2006 жылғы шілденің 11
Басқа 3. Мамлют ауданы бойынша кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша қызметі аракідік сыпаттағы тұлғалар үшін бір күнге бір жолғы талондардың құны
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 11 шілдедегі № 26/4 іпешіміне қосымша № 7 Мамлют ауданы бойынша кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша қызметі аракідік сыпаттағы тұлғалар үшін бір күнге бір жолғы талондардың құны № Кәсіпкерлік қызмет түрі Бір жолғы талон ставкасының айлық есеп көрсеткішіне пайызы 1 Ірі қара мал бағу, бір бас үшін 0,04 2 Жылқыларды бағу, бір бас үшін 0,08 3 Қойларды бағу, бір бас үшін 0,02 4 Жануарлар мен құстардың жемдерін сату 19 5 Монша сапырғыштарын сату 8 6 Аула сапырғыштарын сату 8 7 Орман жидектерін сату 5 8 Балды сату 24 9 Саңырауқұлақтарды сату 7 10 Балықтарды сату 7