О внесении изменений и дополнений в постановление № 2262 акимата города Туркестан от 14 декабря 2021 года Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 2262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37- баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №2262 қаулысымен бекітілген Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген ереженің әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Түркістан қаласы әкімдігінің 2026 жылғы «____» маусымдағы №______ қаулысына қосымша Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Түркістан қалалық ұлттық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Түркістан қалалық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
Тармақша 5
5) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақша 6
6) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Түркітілдес халықтардың кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 7
7) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі, құрылыс 28, почта индексі 161200.
Тармақ 10
10. Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Түркістан қаласы әкімдігінің «Спортты дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің міндеттері мен құқықтары беріле отырып, Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі құқықтық мирасқоры болып табылады.
Тармақ 11
11. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Бөлім қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы сапалы және қолжетімді қызметтер ұсынуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік тіл мен басқа да тілдердің динамикасын дамуына бағытталған мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік тіл мен басқа да этникалық топтардың тілдерін дамыту, ономастикалық жұмысты жетілдіру.
Тармақ 2
2. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Мәдениет, тіл саясаты саласындағы ұйым, мекеме жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, дене шынықтыру мен спорттық материалдық-техникалық базасын кұру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
Тармақша 2
2) Мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша ауданның даму жоспарын жасап, тәжірибе жұмыстарын жүргізеді, жүргізілген жұмыстарының нәтижесі бойынша талдау жасайды.
Тармақша 3
3) Мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт саласын реттейтін заңдардың орындалуын және осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылайды.
Тармақша 4
4) Мәдени мекемелердің жұмысын үйлестіріп, бақылайды, аудан халқының бос уақытын тиімді өткізуге арналған мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар жұмыстарын ұйымдастырып, басшылық жасайды.
Тармақша 5
5) Тіл туралы заңының орындалуын, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды қадағалайды және ұлттар арасындағы тұрақтылық пен келісімді барынша нығайтуды жүзеге асырады.
Тармақша 6
6) Мәдени мекемелердің жұмыстарына бағыт бағдар береді, ұйымдастырады, басшылық жасайды және қоғамдық бірлестіктер жұмыстарына қолдау көрсетеді;
Тармақша 7
7) Тұрғындардың демалысын тиімді пайдалануға бағытталған мәдени-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырады.
Тармақша 8
8) Түркістан қаласы аумағында мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен жүктелген басқа да міндеттерді орындайды;
Тармақша 10
10) Халықаралық, аймақаралық спорт ұйымдарында, ауданның мүдделерін білдіру;
Тармақша 11
11) Дене шынықтыру және спорт салаларының мүдделерін республика, облыс және аудан алдында көрсету;
Тармақша 12
12) Саланың ақпараттық-жарнамалық және баспа жұмыстарын ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт қозғалысын насихаттау;
Тармақша 13
13) Дене шынықтыру және спорт салаларындағы кадрлар потенциалын талдау, оның мамандарға мұқтаждығын алдын-ала болжау, кадрларды дайындау, мамандығын жетілдіру және орынды пайдалану;
Тармақша 14
14) Мүдделі ведомстволармен бірлесіп дене шынықтыру мен спорт саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 15
15) Мемлекеттік дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі аудан ведомстволар мен қоғамдық ұйымдардың және кәсіпорындардың қызметін үйлестіру, сонымен қатар саланың өзекті проблемаларын практикалық шешу жөніндегі поселке және ауыл әкімшіліктерімен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 16
16)Мынадай спорттық разрядтар мен санаттары береді: жасөспірімдер арасындағы бірінші, екінші, үшінші және екінші, үшінші разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі;
Тармақша 17
17) Түркістан қаласының аумағындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау;
Тармақша 18
18) Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйін мониторингтеуді қамтамасыз етілуін бақылау;
Тармақша 19
19) Түркістан қаласының экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, оларға ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды көздейді;
Тармақша 20
20) Түркістан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарау және келісу жұмыстарын бақылау;
Тармақша 21
21) Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қала құрылысы жобаларын әзірлеу және бекіту кезінде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, зерделеу, сақтау жөніндегі іс-шараларды орындауды, Түркістан қаласының аумағында тарихи-сәулеттірек жоспарларын және карта-схемалар жасауды қамтамасыз етілуін бақылау;
Тармақша 22
22) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізіміне енгізілген тарих және мәдениет ескерткіштерін қоспағанда, Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы объектілерінің қорғау аймағы, құрылыс салуды реттеу аймақтары және күзетілетін табиғи ландшафт аймақтары аумағында жаңа құрылыс жұмыстарын жоспарлаған жағдайда, қала құрылысы жобаларын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісуді бақылау.
Тармақша 23
23) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 729-бабы 2-1 тармағында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мен іс-қағаздарын жүргізеді;
Тармақша 25
25) Маңдайшаларды қала аумағында орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы ҚР Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Функциялары:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік мекеменің функциялары: Заңда белгіленген тәртіппен бекітілген қала аумағының мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт саласын ауылдық, поселкелік елді мекендердің іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру; Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында енгізілген өзгерістер туралы халыққа хабарлап отыру; Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бойынша шешімдер қабылдау; Мемлекеттік мекемелердің жұмыстарына мемлекеттік тілді және дене шынықтыруды дамыту бойынша бағыт бағдар береді; Қала аумағындағы мәдениет,ескерткіштерін және тілдердің тарихын зерттейді; Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады; Уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады; Театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді; Мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады; Қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді; Өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады; Қаланың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады; Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді; Қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін береді; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады. ҚР Конституциясын, тіл жөніндегі заңдарды, басқа да құқықтық актілерді орындауды жүзеге асырады; Тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді; Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады; Қалалық ономастикалық комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді; Өз құзыретінің шегінде тілдерді дамыту саласына кешенді талдау жасайды, олар бойынша социологиялық зерттеулер жүргізеді; Қалада фестивальдар өткізу, облыста өткізілетін фестивальдарға қатысу және мәдениетінің жетістіктерін көрсетуге байланысты басқа да іс-шараларды ұйымдастыру; Отандық және шетелдік драматургия бойынша драма, комедия, балалар және жасөспірімдер және басқа да жанрларға қатысты қойылымдарды қоюды қадағалайды; Тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды.
Тармақша 2
2) ведомстволардың функциялары: ақпараттық, мәдени, білім беру, дене шынықтыру және спорт функцияларын жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Құқықтары мен міндеттері
Тармақша 1
1) Мемлекеттік мекемеге міндеттелген функцияларды атқару үшін мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан тиісті мәліметтерді сұратады және алады;
Тармақша 2
2) Белгілі құзыреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға тапсырмалар береді;
Тармақша 3
3) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 4
4) Өз құзырына жататын мәселелер бойынша қала әкімінің шешімінің, өкімінің, қала әкімдігінің қаулысының, сонымен қатар мәслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындайды;
Тармақша 5
5) Осы ережемен және заңдылықтармен, облыстық және қалалық жергілікті атқарушы органдармен бекітілген өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақша 6
6) Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласына қатысты Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, қала Әкімінің нормативтік- құқықтық актілерінің орындалуы туралы мекеме, ұйым, кәсіпорындардан мәліметтер мен тиісті құжаттар алуға;
Тармақша 7
7) Өз құзырына жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындайды;
Тармақша 8
8) Осы Ережемен және заңнамалармен, облыстық және қалалық жергілікті атқарушы органдармен бекітілген өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақша 9
9) Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы дене шынықтыру және спорт саласын дамытудағы негізгі бағыттарды анықтайды, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі перспективалық ағымдағы, мақсаттық бағдарламаларды өңдейді және жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) Қала әкімдігінің қаулыларын дайындауға, өз саласының аймақтық бағдарламаларын және әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларын калыптастыруға қатысады;
Тармақша 11
11) Мемлекеттік тілді күнделікті іс жүзінде қолдануға, оны жандандыруға, тереңдете оқып-үйренуге және дамытуға қолайлы жағдай жасау, қалада жинақы тұратын барлық қауымдастықтар мен топтардың ұлттық тілдерін жетілдіру мақсатындағы шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) Қазақтың ұлттық мәдениетін өркендетуді, сақтауды, дамытуды және насихаттауды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттар мәдениетінің сақталуына, дамуына және таралуына қамқорлық көрсету;
Тармақша 13
13) Фестивальдар, байқаулар, конкурстар, ақындар айтыстарын және мәдениетті өркендетуге бағытталған басқа да іс-шараларды өткізу, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста конференциялар, семинарлар, оқытудың басқа да түрлерін және тәжірибе алмасулар ұйымдастыру.
Тармақша 14
14) Дене шынықтыру және спорт ұйымдарына кеңестік, заңды көмек көрсетеді;
Тармақша 15
15) Кадр саясаты мәселелері бойынша қарамағындағы ұйымдар мен мекемелерге кеңестік көмек көрсетеді;
Тармақша 16
16) Дене шынықтыру мен спорт жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу мақсатында симпозиумдар, конференциялар, семинарлар және басқа да оқу нысандарын ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) Түрлі ведомстволар және қоғамдық ұйымдар ұйымдастыратын дене шынықтыру және спорттық шараларын үйлестіреді, бірыңғай іс-шаралар және жарыстар тізбесін бекітеді, оның өткізуіне басшылық етеді;
Тармақша 18
18) Дене шынықтыру және спорт ұйымдарымен методикалық басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) Мүдделі ұйымдар мен ведомстволардың келісімі бойынша шығын мөлшерін бекітеді, дене шынықтыру және спорт шараларына қатысушыларды материалдық қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) Қаланың құрама командаларын сапалы түрде дайындауды жүзеге асырады, қала спортшыларын облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 21
21) Мүдделі ведомстволар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, спорт резервін дайындау жөнінде жұмыс жүргізеді, ведомстволық тәуелділікке және салалық орталықтарына қарамай, спорт клубтары мен мектептер жүйелерін дамытуды үйлестіреді;
Тармақша 22
22) Дене шынықтыру және спорт ұйымдары қызметкерлеріне, қала шаралары жүлдегері мен жеңімпазына бағалы сыйлықтар беру, оларды грамоталармен, дипломдармен, медальдармен марапаттау мәселелерін белгіленген тәртіпте шешеді;
Тармақша 23
23) Заңда белгіленген мерзімді есеп-қисаптық есеп жасап, оны белгіленген мекен жайларға тапсырады;
Тармақша 24
24) Келісім мен тәртіп бойынша статистика органдарынан және тиісті басқармалар мен ведомстволардан бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер алады;
Тармақша 25
25) Жүктелген міндеттерін толық орындау үшін бөлім аппаратын өндірістік шаруашылық және әлеуметтік тұрмыстық тұрғыдан қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлғалардың барлық құқықтарын пайдаланады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Бөлім басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 3
3. Бөлім бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 4
4. Бөлім бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;
Тармақша 2
2) бөлім басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзіретінде сәйкес дербес шешеді.
Тармақша 3
3) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
Тармақша 5
5) шарттар жасасады;
Тармақша 6
6) сенімхаттар береді;
Тармақша 7
7) бөлімнің іс сапарларға, тағлымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) банк шоттарын ашады;
Тармақша 9
9) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 10
10) бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 11
11) бөлімнің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
Тармақша 12
12) бөлімнің қызметкерлерінің міндеттер мен өкілеттік аясын айқындайды;
Тармақша 13
13) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқару органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 6
6. Бөлімнің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы немесе лауазымды тұлға бөлім басшысы басқарады. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 1
1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 5
5. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124 бабының 2-тармағының 8-тармақшасына сәйкес жұмыс режимі айқындалады.
Тармақ 2
2. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бөлім және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
Тармақша 1
1) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Түркістан қалалық ұлттық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Түркістан қалалық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
Тармақша 5
5) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақша 6
6) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Түркітілдес халықтардың кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 7
7) Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.