О внесении изменений в постановление акимата области № 235 от 11 августа 2003 года (зарегистрировано в департаменте юстиции по Актюбинской области 25 августа 2003 г. № 2363) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 11 тамыздағы № 235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Ақтөбе облысы бойынша әділет департаментінде 2004 жылғы 25 тамызда № 2363 тіркелген) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес "Ақтөбе облысының шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері" конкурсын өткізу жөніндегі конкурстық комиссия құрамының өзгеруіне байланысты облыс экімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» облыс әкімиятының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 235 қаулысымен бекітілген конкурстық комиссияның құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін: конкурстық комиссия құрамынан Химчук Олег Геннадьевич, Махамбетов Нұрлан Жаңабекұлы шығарылсын; комиссия құрамына Ақтөбе облысы Әкімінің орынбасары Ғилымов Самат Қуанышұлы -комиссия төрағасы, кәсіпкерлікті қолдау басқармасы бастығы Юсупова Рашида Әбілсағитқызы - комиссия төрағасының орынбасары болып енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қаулының 3-тармағы мыңадай редакцияда мазмұндалсын: «Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Ғилымовқа жүктелсін».