О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области № 235 от 11 августа 2003 года (зарегистрировано в департаменте юстиции по Актюбинской области 25 августа 2003 г. № 2363) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Ақтөбе облысы бойынша әділет департаментінде жылғы 25 тамызда 2363 тіркелген) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетгік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлер» конкурсын өткізу туралы облыс әкімиятының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 235 қаулысымен бекітілген Ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. 8 тармақ мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақтармен толықтырылсын: «6) пайда мен шығындар туралы бухгалтерлік баланстан үзінді. «7) шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметі турагіы ақпарат ( құрылу тарихы, қызметі жүзеге асырылып жатқан нарықтық ортасы, шыгарылатын өнімдердів негізгі түрлері ( тауарлар, көрсетілетін қызметтер) және т.б.».
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» конкурсын өткізу жөніндегі Ереженің 1 қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін: 6 тармақ мынадай редакцияда мазмұндасын: «Өндіріс және құрылыс саласындағы үздік кәсіпкер».
Тармақ 3
3. «Ақтөбе облысының шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» конкурсын өткізу жөніндегі Ереженің 1 қосымшасы мынадай номинациялармен толықтырылсын: «7. «Шағын кәсіпкерліктің проблемасын көрсеткен үздік БАҚ». «8. «Шағын кәсіпкерлік саласындағы үздік инновациялық жоба» «9. «Үздік экспортер кәсіпорын» «10. «Халықтық-көркем кәсіпшілік саласындағы үздік кәсіпорын».
Тармақ 4
4. «Ақтөбе облысының шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» конкурсын өткізу жөніндегі Ереженің 2 қосымшасы жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 5
5. Облыс әкімиятының 2003 жылғы 11 тамыздағы 235 қаулысымен бекітілген конкурстық комиссия құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін: Қаратаев Аманжол Қамзаұлы, Серікбаев Мәлік Абдулұлы, Сарқұлова Алтын Мұхамбетжанқызы, Өтесейітов Жаксыкелді Қангерейұлы конкурстық комиссия құрамынан шығарылсын; «Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту жөніндегі қауымдастық» ЗТБ төрағасы - Санатов Асылбек Теміргалиұлы, «Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер және агробизнес Ақтөбе ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті – Абдуллин Мырзатай Жолтайұлы конкурстық комиссия құрамына енгізілсін.
Басқа 6
«Шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» конкурсы туралы ережеге 2- қосымша «Шағын және орта бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» конкурсы өлшемдерінің тізбесі
Бөлім 7. Барлық номинацияларға арналған жалпы өлшемдер:
Барлық номинацияларға арналған жалпы өлшемдер: кәсіпкерлік қызметтің жалпы мерзімі мен түрі; кіріс деңгейінің өткен жылғы шығындар деңгейіне қатынасы; кірістерінің өсу серпіні; санының өсу серпіні; қызметтің инновациялық бағытталуы; бюджетке міндетті төлемдерді төлеу жөнінде берешегінің болмауы және мемлекеттік органдарға барлық есептілік нысандарын берудің уақыттылығы.
Бөлім 2. 2. Номинациялар бойынша арнаулы өлшемдер:
2. Номинациялар бойынша арнаулы өлшемдер:
Тармақша 1
1) «Үздік жыл кәсіпкері»: шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің ассортименті және сапасы; конкурсқа қатысушы кірістері өсімінің серпіні; аймақтың және (немесе) жалпы республиканың әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысуы; сапаның халықаралық сертификатының болуы және шығарылатын өнімдердің дизайны.
Тармақша 2
2) «Кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымының үздік басшысы»: кәсіпкерлікті қолдау мэселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Қазақстандық кәсіпкердің оң бейнесін қалыптастыру; кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған консалтингтік қызметтер саны; бірлестік қызмет етуінің одан арғы жоспарларын бағалау; аймақтық және үкіметтік деңгейде көтерілген мэселелердің және өткізілген кеңестердің саны және маңызы.
Тармақша 3
3) «Шағын және орта бизнес проблемасын көрсететін БАҚ»: шағын кәсіпкерлікті қолдауды көрсету жөніндегі тақырыптар тізбесі; проблемаларды көрсету деңгейі; көрсетілген проблемалардың маңыздылығы және уақытында жариялануы; шағын кәсіпкерлік проблемалары туралы жарияланған материалдардың саны және сапасы.
Тармақша 4
4) «Жылдың үздік кәсіпкері - фермер»: ауыпды әлеуметтік-экономикалық дамытуға қатысы; ресурстарды пайдаланудың үтымдылығы, өнімдердің өзіндік құны; ағроазық-түлік бағдарламасын іске асыруға қатысы; өнімнің сапасы және дизайны.
Тармақша 5
5) «Қызмет көрсету саласының үздік кәсіпкері»: үсынылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңашылдығы және сапасы; көрсетілген қызметтер көлеміңің серпіні; кемінде 20 қызметтерді пайдаланушының пікірі.
Тармақша 6
6) «Құрылыс және өндіріс саласындағы жылдың ең үздік кәсіпкері»: ресурстарды, жаңа технологияларды ұтымды пайдалану және өнімнің өзіндік құны; өндірілетін өнімдердің жаңашылдығы және дизайны; сапаның халықаралық сертификатының болуы.
Тармақша 7
7) «Үздік инновациялық жоба»: инновациялық жобаның аймақ және жалпы республика үшін жаңашылдығы; жобаның өтелімділігі және өтімділігі; жобаның экспортқа бағытталуы.
Тармақша 8
8) «Үздік экспортер кәсіпорын»: жеткізіліп берілетін өнімдердің географиясы мен ассортименті; шығарылатын өнімдердің, соның ішінде экспорт көлемінің серпіні; экспортталатын өнімдерді түрақты жетілдіру жөніндегі жұмыстың деңгейі; сапаның халықаралық сертификатының болуы.
Тармақша 9
9) «Халықтық -көркем кәсіпшілік саласындағы үздік кәсіпорын»: өнімге авторлық құқықтың болуы; халықаралық конкурстарға қатысуы және олардың атаулары; халықтық-көркем кәсіпшіліктің дэстүрлерін тарату және оған оқыту.
Тармақша 10
10) «Үздік кәсіпкер әйел» кәсіпкерліктегі басшы ретіндегі кызмет стажы шығарылатын өнімдер көлемдерінің серпіні; жұмыспен қамтылғандар, оның ішінде әйелдер санының өсу серпіні; жеке өмірін, кәсіпкерлік және коғамдык кызметті үштастыруы; аймактык инфрақұрылымды дамытуға катысуы; әйелдердің үлестік салмағы.