О внесении дополнений в постановление акимата района № 239 от 15 декабря 2004 года «О правилах оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям населения в Акжарском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 239 «Ақжар ауданындағы жекелеген санаттағы халыққа бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережесі туралы» аудан әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 239 «Ақжар ауданындағы жекелеген санаттағы халыққа бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» (тіркеу №1423) (одан әрі Ереже), 2005 жылғы 8 қаңтардағы аудандық «Дала дидары» газетінде жарияланған, қаулысына төмендегі толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. Ереженің 4 тармағы «жоғары оқу орындарын бітіргендер, ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге келген, жас мамандарға пәтер алу үшін материалдық көмек көрсету мақсатында» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Ереженің 5 тармағы «әрбір жас мамандарға - 100000 теңгеден» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. Ереженің 6 тармағы «Жас мамандарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін келесі құжаттар қажет: жас маманның арызы, жас маман жұмыс істейтін мекеме немесе ұйым басшысының қолдаухаты, еңбек шартының көшірмесі, өтінушінің төл-құжаттың көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмері, нотариалдық куәландырылған білім туралы құжатының көшірмесі» сөздерімен толықтырылсын.