О внесении изменений и дополнений в решение Уральского городского маслихата № 24-13 от 28 января 2002 года «О порядке и размерах предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья и оплату коммунальных услуг» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы» Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қаңтардағы № 24-13 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қалалық мәслихаттың сессиясында бекiтiлген "Нашар қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртiбi мен көлемi туралы" 2002 жылғы 28 қаңтардағы N 24-13 Ереженi қолданымдағы заңнамаға сәйкестiру жөніндегi нормативтiк-құқықтық мәселелер және құқық тәртiбi жөніндегi тұрақты комиссия төрағасының (А.И. Жаманбаев) 2003 жылғы 26 қарашадағы тұжырымдамасын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағын, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты шешiм еттi:
Тармақ 1
1. "Нашар қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртiбi мен көлемi туралы" Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қаңтардағы N 24-13 шешiмiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 19 қазандағы N 33-2 шешiмiмен (2002 жылғы 30 қазандағы тiркеу N 1815; "Пульс" газетінің 2002 жылғы 22 қарашадағы, "Жайық үні" газетінің 2002 жылғы 22 қарашадағы сандарында жарияланған), "Нашар қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртiбi мен көлемi туралы" Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қаңтардағы N 24-13 шешiмiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қарашадағы N 34-4 шешiмiмен (2002 жылғы 18 желтоқсандағы тiркеу N 1882; "Пульс" газетінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы, "Жайық үні" газетінің 2003 жылғы 1 қаңтардағы сандарында жарияланған), "Нашар қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртiбi мен көлемi туралы" Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қаңтардағы N 24-13 шешiмiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Орал қалалық мәслихатының 2003 жылғы 27 наурыздағы N 38-9 шешiмiмен (2003 жылғы 7 сәуiрдегi тiркеу N 2063; "Пульс" газетінің 2003 жылғы 17 сәуiрдегi, "Жайық үні" газетінің 2003 жылғы 8 мамырдағы сандарында жарияланған) енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып, "Нашар қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртiбi мен көлемi туралы" Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қаңтардағы N 24-13 шешiмiне (2002 жылғы 3 сәуiрдегi тiркеу N 1407; "Пульс" газетінің 2002 жылғы 18 сәуiрдегi, "Жайық үні" газетінің 2002 жылғы 26 сәуiрдегi сандарында жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) Ереженiң 2-тармағы келесi редакцияда баяндалсын: "Тұрғын үй жәрдемақысы Қазақстан Республикасының азаматтарына: оралмандарға, босқын статусы берiлгендерге, шетелдiктерге, азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат алған және тұрақты тұратын адамдарға берiледi. Тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi пайдалану ақысын төлеудiң шектi шығын көлемi келесiдей болып белгiленсiн: жалғызбасты және ерлi-зайыпты жұптар үшiн: зейнеткерлер, ҰОС мүгедектерi мен қатысушылары, жалпы ауруға шалдыққандар, тұл жетiм балалар, ата-анасыз қалған балалармен бiрге тұратын қорғаншылар, кәмелетке толмаған балалармен бiрге тұратын немесе жетi жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бiрге тұратын зейнеткерлер, ҰОС жылдары кем дегенде алты ай жұмыс iстеген адамдар, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшiн 15 % көлемiнде, басқа санаттағылар үшiн 30 %";
Тармақша 2
2) Ереженiң 8-тармағы өзгертiлсiн және келесi редакцияда баяндалсын: "Азаматтардың келесi санаттары үшiн тұрғын жай алаңының нормалары пайдаланып отырған бiр тұрғын жай бiрлiгi көлемiнде, бiрақ 64 шаршы метрден аспайтын болып белгiленсiн: зейнеткерлер, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерi, жалпы ауру бойынша мүгедектер, тұл жетiм балалар, ата-анасыз қалған балалармен бiрге тұратын қорғаншылар; басқа санаттағы азаматтар үшiн тұрғын жай алаңы нормасының шегiнде";
Тармақша 3
3) Ереженiң 11-тармағындағы "үш жылға дейiн" сөздерi "7 жылға дейiн" сөздерiмен алмастырылсын;
Тармақша 4
4) Ереженiң 19-тармағындағы "шаруашылық" сөзiнен соң "...жерлеуге және бала тууға байланысты бiржолғы жәрдемақыны қоспағанда..." сөздерi қосылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiм Батыс Қазақстан облыстық Әдiлет басқармасына тiркеуге жiберiлсiн.