О внесении изменений в постановление акимата области № 247 от 26 августа 2003 года (зарегистрировано в департаменте юстиции по Актюбинской области 23 сентября 2003 г. № 2384) Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 тамыздағы № 247 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы (Ақтөбе облысы бойынша әділет департаментінде 2003 жылғы 23 қыркүйекте № 2384 тіркелген)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Кәсіпкерлікті қолдау үшін несие беруге екінші деңгейдегі банктердің арасында конкурс өткізу туралы» облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 тамыздағы № 247 қаулысымен бекітілген конкурстық комиссияның қүрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Химчук Олег Геннадьевич, Махамбетов Нұрлан Жаңабекұлы,
Идрисова Майя Ғабдуғалиқызы конкурстық комиссия құрамынан
шығарылсын;
облыс әкімінің орынбасары Ғилымов Самат Қуанышұлы - комиссия
төрағасы болып, «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бастығы
Юсупова Рашида Әбілсағитқызы - комиссия төрағасының орынбасары
болып, «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бөлімінің бастығы
Жұбатқанов Нұрлан Жұмабайұлы конкурстық комиссия құрамына
енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қаулының 2-тармағы мыңадай редакцияда мазмұндалсын: «Осы
қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Ғилымовқа жүктелсін.