О внесении изменений в постановление акимата области № 247 от 26 августа 2003 года (зарегистрировано в департаменте юстиции по Актюбинской области 23 сентября 2003 года № 2384) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 тамыздағы № 247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Ақтөбе облысы бойынша әділет департаментінде 2003 жылғы 23 қыркүйекте № 2384 тіркелген) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Кәсіпкерлікті қолдау үшін несие беруге екінші деңгейдегі банктер арасында конкурс өткізу туралы" облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 тамыздағы № 247 қаулысымен бекітілген конкурстық комиссияның құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін: Ғилымов Самат Қуанышұлы, Аманбаев Жолдымұрат Ермұханұлы конкурстық комиссия құрамынан шығарылсын; "Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы" ММ бастығы Юсупова Рашида Әбілсағитқызы комиссия төрағасы болып, "Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы" ММ бастығының орынбасары Өмірбекова Сәуле Рахымқызы комиссия төрағасының орынбасары болып, "Ақтөбе облысы қаржы департаменті" ММ директоры Еңсегенұлы Сағат конкурстық комиссия құрамына енгізілсін.