О внесении изменений в постановление акимата района № 256 от 27 декабря 2002 года «Об оказании материальной помощи» (регистрационный номер № 1920 от 17 января 2003 года) Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы «Материалдық көмек көрсету туралы» № 256 қаулысына (тіркеу № 1920, 2003 жылы 17 қаңтар) өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ EТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы "Материалдық көмек көрсету туралы" № 256 қаулысының № 2 қосымшасына (2003 жылғы 17 қаңтарда, тіркеу № 1920, "Теректі жаңалығы" газетінің 2003 жылғы 2 ақпандағы 5 нөмірінде басылды) өзгерістер енгізілсін:
Материалдық көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссиясының құрамына енгізілсін:
Әубәкіров Әсет Сабитұлы - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары;
Тульговец Надежда Михайловна - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.
Материалдық көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссиясының құрамынан Ерешев Базарбай Сағитұлы және Лұқпанова Әлима Абылайқызы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 26 ақпандағы "Аудан әкімдігінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы "Материалдық көмек көрсету туралы" № 256 қаулысына (тіркеу № 1920, 2003 жылы 20 қаңтар) өзгерістер енгізу туралы № 19 қаулысы бұзылсын.