О внесении изменений в постановление акимата области № 27 от 10 июля 2001 года «О подготовке хозяйственного комплекса области к устойчивой работе в осенне-зимний период 2001-2002 года» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық әкімияттың «Облыс шаруашылық кешендерін 2001-2002 жылдардың күзгі-қысқы мерзімінде бірқалыпты жұмыс жасауына әзірлеу туралы» 2001 жылғы 10 шілдедегі № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Облыстық әкімияттың "Облыс шаруашылық кешендерін 2001-2002 жылдардың күзгі-қысқы мерзімінде бірқалыпты жұмыс жасауына әзірлеу туралы" 2001 жылғы 10 шілдедегі N 27 қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін: Қаулының 3-тармағы төмендегідей редакцияда мазмұндалсын: "Жайықжылуқуат" (Мұхамбетқалиев) ашық акционерлік қоғамына (бұдан әрі ААҚ), "Оралэнерго" (Отарбаев), "Оралоблгаз" (Мұташев) акционерлік қоғамдарына (бұдан әрі АҚ), "Суканал" МКК-ға (Дорошенко) ведомстволық және иесіз инженерлік желілер мен құрылыстарды қазіргі қолданыстағы заңнамалар нормаларына сәйкес өздерінің балансына алуды аяқтау жөнінде ұсыныс жасалсын".