О внесении изменений в постановление акимата Щербактинского района № 271/7 от 25 июля 2018 года «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов акимата Щербактинского района» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шарбақты ауданы әкімдігі атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Шарбақты ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 271/7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің «Шарбақты ауданы әкімдігі атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 шілдедегі № 271/7 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6033 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: Шарбақты ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде: 41-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады. Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»; 42-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.