О внесении изменений и дополнений в постановление № 275 акимата города Туркестан от 25 июля 2023 года Күшін жойған
Басқа 0
Түркістан қаласы әкімдігінің 25 шілдедегі 2023 жылғы № 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37- баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 275 қаулысымен бекітілген Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бекітілсін.
Тармақ 2
2. Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
Тармақша 2
2) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Түркістан қаласы әкімдігінің
2025 жылғы « 15» мамырдағы
№ 256«Түркістан қаласы
әкімдігінің 25 шілдедегі 2023
жылғы №275 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» қаулысына
қосымша
Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұдан әрі- Мемлекеттік мекеме, Түркістан қаласы аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тауке хан даңғылы №278В, пошталық индексі 161200 .
Тармақ 10
10. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мекеменің кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, көші-қон, әлеуметтік әріптестік саласындағы салааралық үйлестіру мен әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға және ведомстволық бағыныстағы мекемелерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы және мерзімінде орындау;
бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімдігінің басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін қала әкімдігінің өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну; бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеті жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету;
ішкі еңбек нарығын қорғау, кедейлікті төмендету, халықтың өмірлік дейгейін, табысын көтеру;
әлеуметтік қорғау саласындағы нысаналы индикаторларды жоспарлау мен болжамдауды қамтамасыз ету;
аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бар адамдардың және азаматтардың басқа да санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды үйлестіру;
қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету;
өз құзіреті шегінде халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады және мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 3
3) жергілікті мемлекетті басқару мүдделеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру немесе ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
Тармақша 5
5) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
Тармақша 6
6) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал ету;
Тармақша 7
7) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторийлік-курорттық емделуін, мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдің санаторийлік-курорттық ұйымда болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) мүгедектігі бар адамдарға қол жетімді орта құруды, әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарды бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени-көпшілік және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмектің көрсетілуін үйлестіру;
Тармақша 15
15) мемлекеттің кәмелетке толғандарға қатысты қорғаншы және қамқоршы тағайындау жөніндегі функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдау;
Тармақша 20
20) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
Тармақша 21
21) қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары қайырымдылық көмек көрсету туралы ұсыныстармен өздеріне жүгінген кезде әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде олардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 22
22) аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 23
23) тоқсан сайын халыққа бұқаралық ақпарат құралдарында атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгіленетін кедейшілік шегі туралы хабарлау;
Тармақша 24
24) қалада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 25
25) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 26
26) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерлерге өз құзыреті шегінде ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 27
27) жалғызбасты қарт азаматтарды, мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын және басқа да әлеуметтік осал санаттарды әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 28
28) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемедегі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 2
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 4
4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда бөлім мүддесін білдіреді;
Тармақша 6
6) Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының
лимиті мен құрылымы шегінде бөлімнің штат кестесін бекітеді;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес, мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын лауазымды тұлға бөлім басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Бөлімнің қарамағындағы ұйымдар:
Тармақша 1
1) Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.