О внесении изменения в решение Катон-Карагайского районного маслихата № 28/214-V от 23 декабря 2014 года «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған
Басқа 0
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібін айқындау қағидасын
бекіту туралы» Катонқарағай
аудандық мәслихатының 2014 жылғы
23 желтоқсандағы № 28/214-V
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15)тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 28/214-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3643 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпандағы № 9 (7796) «Арай» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 1-тараудың 2-тармағы 1)тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.