О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата № С-29-3 от 23 августа 2003 года «Об утверждении Программы развития и поддержки малого предпринимательства в Акмолинской области на 2003-2005 годы», зарегистрированного в управлении юстиции № 2019 от 1 октября 2003 года Күшін жойған
Басқа 0
Әділет басқармасында 2003 жылғы 1 қазанда 2019 нөмірмен тіркелген облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 23 тамыздағы "Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" № С-29-3 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабындағы 1 тармаққа, Қазақстан Республикасының “Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 қазандағы № 487 Заңына сәйкес және облыс әкімдігінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1-18-12/1759 ұсынысы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Әділет басқармасында 2003 жылғы 1 қазанда 2019 нөмірмен тіркелген облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 23 тамыздағы “Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы” № С-29-3 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін (қоса берілген).
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Қосымша
облыстық мәслихаттың
2003 жылғы 26 желтоқсан
№ 3С-3-7 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту
мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасына
енгізілген өзгертулер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту Бағдарламасының атауы:
“шағын” сөзінен кейін “және орта” сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. 1 -тармақта, Бағдарлама паспортында:
төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарының мәтіні “шағын” сөзінен кейін “және орта” сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. 2-тармақта, Кіріспеде:
үшінші және төртінші абзацтың мәтіндері “шағын” сөзінен кейін “және орта” сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 4
4. 3-тармақта, Ақмола облысындағы кәсіпкерліктің даму жағдайын
талдауда:
Тармақша 1
1) сегізінші абзацтың мәтіні “шағын” сөзінен кейін “және орта” сөздерімен толықтырылсын.
Тармақша 2
2) сегізінші абзацтан кейін келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы - облыстағы өнеркәсіп өндірісінің профильді саласы болып табылады. 2002 жылы облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі осы саланың алып жатқан үлесі 15,8% құрады, өндіріс көлемі 5,3 млрд. теңге соммасында болып, 2001 жылмен салыстырғанда 4,7%-ға өсті. Ет, азық-түлік, шұжық өнімдерін, өңделген сүт және кілегей, сары май, нан өндіру өсті. Облыста өңдеу кәсіпорындары үшін қажетті шикізат базасы бар және де Астана қаласында халық санының өсіп отыратындығына байланысты азық - түлік өнімдерін өткізу рыноктары да өсіп отырмақ.
Сонымен қатар, осы саланың дамуында айтарлықтай кемшіліктер кездесіп жатады. Бірқатар себептерге байланысты 1998 жылмен салыстырғанда 2002 жылы ет, шұжық, ұн, макарон өнімдерін, арақ және ликерарақ, этил спиртін өндіру азайған.
Осы кезеңде өнім өндірудің соммалық көрсеткіші 13,2% азайған, саланың жалпы өнеркәсіп көлеміндегі үлес салмағы 26%-дан 15,8% - ға дейін қысқарып кетті.
Облыста 400-ден аса ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу кәсіпорындары жұмыс жасап отыр, соның ішінде 48 кәсіпорындар мен цехтар ет өңдейді, 35 - сүт, 91 диірмен, 189 кәсіпорын нан өнімдерін шығарады. Бірақ өндірістік потенциал толық пайдаланылмай отыр. 2002 жылы мамандандырылған ет өңдеу кәсіпорындарының қуаты 9,6%-ға ғана паңдаланылды. Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарында өңделген түрде 8,2% ет алынды.
Өңделген сүт өндіретін мамандандырылған кәсіпорындардың қуаты 16%-ға ғана қолданылған. Шаруашылықтың барлық санаттарындағы өндірістің жалпы көлеміне шаққанда өңдеу өнеркәсіптері шығарған сүт өнімдерінің түрлері сүтке қайта есептегенде 6,2% ғана болып отыр.
Шұжық өнімдерін, ірімшік, ұн, макарон арак, этил спирті өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар қуаты толық пайдаланылмаған.
Жарма мен сұйықмай шығару жүйесі жеткілікті дамымаған.
Астана мен облыс халқы өзімізден шығатын қара құмық жармасы мен сұйық, майға тиісінше 6,6%-ға және 0,2%-ға қамтылған.
Ауыл шаруашылығының, әсіресе мал шаруашылығының өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар мен цехтар біркелкі орналаспаған. Целиноград, Шортанды, Ақкөл аудандары сүт өңдейтін кәсіпорындармен жақсы қамтылған. Астрахан, Сандықтау, Бұланды аудандарында жағдай біршама нашар. Егіндікөл, Еңбекшілдер, Жарқайың, Қорғалжын аудандарында сүт өңдейтін цехтар мүлдем жоқ, Аршалы, Ерейментау, Зеренді және басқада аудандарда өндірістік қуаттарды пайдалану деңгейі өте төмен.
Көптеген өңдеу кәсіпорындары мен цехтар отандық өндірістің ескірген, физикалық және моральдық тозған құрал-жабдықтарымен жабдықталған, кей жерлерде өз күштерімен жасалған, бір үлгіге салынбаған кұралдар пайдаланылып келеді. Бірқатар кәсіпорындарға реконструкция жүргізілмеген. Бұл қуаттарды толық пайдаланбаудың, сапасыз бәсекеге қабілеті жоқ өнім шығарудың бір салдары.
Облыста шикізатты терең өңдейтін кәсіпорындардың жоқтығынан негізгі өнімнің бағасы еліміздің көршілес облыстарынан және Ресейден әкелінетін өнімдердің бағасымен бәсекелесе алмай, негізсіз қымбаттап отыр.
Ет сүт консервілері және шұжық өнімдері секілді ұзақ сақталатын өнімдер қажетті мөлшерде өндірілмей отыр.
Осыған байланысты сүт және ет өнімдері, балық, кондитерлік өнімдер, сүйық май, жеміс шырындары, минералды су, қант біршама мөлшерде импорт бойынша әкелінеді. Осындай ассортиментте азық-түлік тауарларының көп бөлігі Қазақстанның басқа облыстарынан тасылады»
Тармақ 5
5. 4, 5, 6, 8-тармақтар мәтіндері сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 6
6. 5-тармақ, Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі:
Тармақша 1
1) төртінші абзацтан кейін келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
“Ақмола облысына шетелдік туристерді тартуға бағытталған туристік сала мен қонақ үй бизнесін дамыту;
өнімдері ішкі және сыртқы нарықтарға бағытталған, жоғары экспорттық потенциалы бар ғылыми сиымды өндірістер мен технологиялардың дамуымен байланысты қызметті дамыту;
қоғамдық тамақтану, сауда ісі нысандарын, құрылыс және жөндеу- құрылыс жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындар құру.
Тармақша 2
2) келесі мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
“2-1) Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды дамыту Облыспен Астана қаласының халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін өңделген түрдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді өсіру мүмкіндіктерін бағалау:
өсімдік шаруашылығының өнімдері: облыстың және астананың халқын нан өнімдерімен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. Бірақ жармамен толық қамтамасыз етілмей отыр. Мәселені шешу үшін Зеренді ауданының "Целина" АҚ-да және Щучье құс фабрикасында жұмыс істеп тұрған цехтарға шикізат сатып алу үшін кредит беру арқылы барлық қолдан келетін көмекті жасау қажет. Облыстық агроазық-түлік бағдарламасына сәйкес тары алқаптары 2003 жылы 1 мың гектардан 2005 жылы 1,8 мың гектарға, қарақұмық алқабы сәйкесінше 2 мың гектардан 3 мың гектарға дейін өспек. Осы шикізаттарды өңдеу үшін (бұрын олардың көп бөлігі экспортқа шығарылатын) облыстың оңтүстік аудандарында 2-3 цех ашу қажет;
өсімдік майы өндірісінің қуаттарын жақсарту үшін жан жақты көмек көрсету кажет. Май дақылдарының алқабы 2003 жылы 12 мың гектардан 2005 жылы 18 мың гектарға дейін өспек (2002 жылы 3,3 мың га ғана болған). Май дақылдарын өсіретін жерлерде қазіргі заманның технологиясымен 2-3 кәсіпорын ашу керек.
мал шаруашылығының өнімі: облыс халқы мен Астана қаласының халқын ұлттық тұтыну нормалары бойынша қамтамасыз ету үшін сойыс салмағы 60 мың тонна ет өндіру кажет, минималды тұтыну бюджетінің нормасы бойынша - 53 мың тонна. Былтыр сойыс салмағы 49,8 мың тонна ет өндірілді. Облыстық агроазық-түлік бағдарламасына сәйкес 2005 жылы ет өндіру көлемі 51 мың тоннаға жетпек. Сондықтан да, астана нарығын толық игеру үшін мал шаруашылығы өнімінің осы түрін күрт өсіретін қосымша іс шаралар қажет болмақ.
Облыс пен Астананы ұлттық тұтыну нормасы бойынша сүтпен қамтамасыз ету үшін 325 мың тонна сүт қажет. Былтыр 400 мың тонна сүт өндірілген. Осының арқасында, сүт өндірушілердің ішкі қажеттіліктеріне жұмсалса да, осы өніммен халық қажеттілігі толық қамтамасыз етілмек.
Сонымен қатар, ет-сүт өнімдерінің көп бөлігі, әсіресе астана халқына өңделген күйде көп ассортиментпен жеткізілуі қажет. Ол үшін жүмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын арттыру, оларды реконструкциялау, құрал жабдықтарын жаңарту, жекелеген жаңа кәсіпорындар ашу және шикізатпен толық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар қолға алынбақ.
Өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен толық қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан және дамып келе жатқан шаруашылық байланыстар мен экономикалық және географиялық факторларды аймақтарға бөлу.
Азық-түлік тұтынатын негізгі өңірлерге облыс орталығы мен Зеренді курорттық өңірі, оларға жақын жатқан Щучье-Бурабай курорттық өңірі және Астана қаласы жатады. Осыған байланысты облыста 6 шикізат аймағы калыптасты. Соның ішінде 1-ші, 2-ші, 3-ші шикізат аймақтары Астана қаласын ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге арналған.
1-шикізат аймағы:
Целиноград ауданы. Негізгі сүт өңдеуші «Бірлік» ЖНІС-гі Астанадан 30 км. қашықтықтағы Максимовка селосында орналасқан. Өндірістік қуаты - тәулігіне 90 тонна сүт өңдеп шығарады. Ресейлік және голландиялық кұрал- жабдықтармен жабдықталған. Шикізатты «Оразақ» ЖШС - нен, «Қадам» ӨК- нен, Оразақ, Максимовка, Новоишимка, Малиновка, Шалқар, Луговский, Приреченский селолық округі халқынан, сонымен қатар Шортанды және Атбасар аудандарынан сатып алады.
«Родина» ӨК-і Астанадан 60 км қашықтықтағы Приозерное селосында орналасқан. Сүт өңдеу қуаты тәулігіне 10 тонна. Өңдеуге өз өндірісінің шикізатын пайдаланады және Приозер селолық округінің халқынан сатып алады.
Астаналық «Фуд-Мастер» компаниясы шикізатты «Красноярское» АҚ- нан, «Нура» ЖШС-нен, Агрофирма «Ақ-Дән» ЖШС-нен, сонымен қатар Красноярск, Рождественск, Софиевск округтерінің тұрғындарынан сатып алады.
Негізгі құс өндеуші «Ақмола-Феникс» ААҚ-ы Астанадан 35 км қашықтықтағы Малиновка селосында орналасқан. Құс етін өңдейтін цехтың қуаты тәулігінде 2 тоннадан, шұжық өнімдері - 1 тоннадан. Өндірісті өз шикізатымен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 1 млн. бөтелкетеден 1-2 литрлік пластикалық ыдыстар дайындайтын құрал- жабдықтарды құрастырып, минералды су мен салқындатылған сусындар құятын, жүмыс істеп тұрған цехты реконструкциялауды жоспарлап отыр. Жобаның құны - 10 млн. теңге.
Кәсіпорын макарон өнімдерін өндіретін және оларды орайтын цехты қайта құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар тұшпара және кондитерлік өнімдердің ассортименті өндірілмек. Жобаның қүны 4 млн. теңге.
Астана қаласынан 35 км қашықтықтағы Қабанбай Батыр селосында жеке кәсіпкер Құдабаев шұжық өнімдері мен полуфабрикаттар өндіретін құрал-жабдықтарды жөндеуді, тоңазытқыш жабдықтарын сатып алуды және де цех қуатын арттырып, жылына 13 тоннаға дейін дайын өнім шығаруды жоспарлап отыр. Жобаның құны - 0,6 млн. теңге. Шикізат Қабанбай Батыр, Красноярск, Талапкер селолық округтері мен «Красноярское» АҚ-нан сатып алынбақ. Басқа селолық округтердің халқы ет өнімдерін Астана каласының рыноктарына өткізіп тұрады.
Ауданда 4 сүт дайындау пункті жүмыс істеп тұр, олар шикізаттарын «Бірлік» ЖШС мен «Родина» ӨК-не жеткізіп түрады.
Шортанды ауданы. Негізгі сүт өңдеуші «Май ТГТ» ЖШС-гі Астанадан 70 км қашықтықтағы Шортанды селосында орналасқан. Сүт өңдеу қуаты тәулігіне 12 тонна. Осы кәсіпорынға аудандағы жұмыс істеп тұрған барлық 12 сүт дайындау пунктері өңдеуге сүт жеткізіп тұрады. «Май ТГТ» ЖШС-гі құрал-жабдықтар сатып алумен қатар, қатты ірімшіктердің пісіп жетілуіне қажетті қойма құрылысын жоспарлап отыр. Ірімшік шығару қуаты жылына 50 тонна. Жобаның қүны 10 млн. теңге.
Ақкөл ауданы. Сүт өңдеушілердің бірі - «Новорыбинский и К» ЖШС-гі (Новорыбинка с.) аудан орталығынан қашықтығы 25 км, Астана қаласына дейін 122 км, Көкшетау қаласына дейін 255 км. Тәулігіне 5 тонна сүт өңдейтін куаты бар. Кәсіпорын өзі өндіретін шикізатты, оған коса «Хлебороб» ӨК-нің сүтін пайдаланады, сонымен қатар Новорыбинск, Кеңес селолық округ тұрғындарына сүт дайындатады.
«Ақ-қу» ЖШС-гі Астанадан 100 км қашықтықта, облыс орталығынан 200 км қашыктықтағы Ақкөл қаласында орналасқан. Өндірістік қуаты тәулігінде 10 тонна сүт өңдейді. Өндеуге «Хлебороб» ӨК, ВНИИЗХ тәжірибелі шаруашылығының сүтін пайдаланады, Ақкөл қаласы мен Урюпин селолық округінің тұрғындарына сүт дайындатады. Бұл кәсіпорында ескірген құрал-жабдықтарды ауыстырып, қоюлатылған сүт өнімдері мен ірімшіктер өндіретін технологиялық желі сатып алу жоспарланып отыр. Жобаның құны 4,5 млн. теңге.
«Еңбек» ЖШС-гі аудан орталығынан 18 км, Астанадан 82 км қашықтықтағы Трудовое селосында орналасқан. Тәулігіне 5 тонна сүт өңдей алатын куаты бар желі сатып алу мен оны құрастыру жоспарланып отыр. Жобаның қүны 4 млн. теңге.
Негізгі мал өнімін өңдеуші «Достық» ЖШС Ақкөл қаласында орналасқан. Қуаты тәулігіне 20 тоннаға жететін мал өңдеу цехы бар. Тоңазытқыш пен шұжық цехының құрал-жабдықтарын сатып алуды көздеп отыр. Жобаның құны 10 млн. теңге. Шикізат «Хлебороб» ӨК, «Новорыбинский и К» ЖШС-нен, «Гусарка» ЖШС-нен, барлық селолық округтердің тұрғындарынан алынады.
Ауданда 8 сүт дайындау пунктері жүмыс істейді, шикізат «Ақ-қу» ЖШС- гі мен «Новорыбинский и К» ЖШС- не жеткізіліп тұрады.
Степногорск қаласындағы «Молторг» ЖШС-гі (Астанаға дейін 195 км қашықтықта) сүт өнімдерінің ассортиментін көбейтіп, жүмыс істеп тұрған сүт өңдеу өндірісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Жоба қүны 5 млн. теңге.
2-шикізат аймағы:
Астрахан ауданы. Негізгі сүт өңдеуші «Ақ-Тюрг» ЖШС Астанадан 120 км, облыс орталығынан 245 км қашықтықтағы Новочеркасское селосында орналасқан. Сүт өңдеу қуаты тәулігіне 10 тонна. Кәсіпорын пакетке құйылатын сүт пен май және қатты ірімшік өндірісінің құрал-жабдықтарын жаңартуды жоспарға алып отыр. Шикізатты «Федоренко» КС-нен, «Сатыбаев» КС-нен алады, сүтті - Новочеркасск, Колутон, Астрахан, Николаев (Жамбыл, Петровка селоларынсыз) селолық округтерінің тұрғындарына дайындатқызады. Басқа да шаруашылықтар мен Камышенск, Каменск, Николаевск (Жамбыл, Петровка с.) округтерінің тұрғындары сүттерін Астана қаласының рыногына өткізеді, сонымен қатар мұнда «Фуд Мастер» компаниясы сүт дайындайды.
«Ибрагимов и К» КС аудан орталығынан 50 км, Астанадан 180 км қашықтықтағы Қызыл-Жар селосында орналасқан. Пакетке құйылатын сүт пен кілегей және баска да сүт өнімдерін өндіретін, тәулігіне 6 тонна өнім шығара алатын қуаты бар құрал-жабдықтар сатып алмақшы. Жобаның құны 5 млн. теңге. Шикізат өзінен шығады, оған қоса Қызылжар селолық округінің тұрғындарынан сүт сатып алуды көздеп отыр.
Жеке кәсіпкер Қайыржановқа ет-сүт өнімдерін өндіруге қажетті шикізат пен құрал-жабдықтар сатып алу үшін 7 млн. теңге көлемінде кредит кажет.
Астрахан ауданындағы «Арғын-2» ШҚ-ғы ІКМ мен шошқа еттерін сатып алуды жоспарлап отыр. Сол арқылы «Арғын» ЖШС-не шикізатын өткізу арқылы 2-шикізат аймағының мәселесі шешілмек. Жобаның құны 5 млн. теңге.
Ауданда «Ақ-Тюрг» ЖШС-не, «Сатыбай» КС-не өңдеуге шикізат жеткізетін 5 сүт дайындау пункті бар.
Егіндікөл ауданы. Аудан орталығынан 7 км, Астанадан 175 км қашықтықтағы Спиридоновка селосындағы «ДОС» ЖШС-гі өз қаражатына чех құрал-жабдықтарымен жабдықталған ауысымына 4 тонна өнім шығаратын сүт өңдеу цехын ашпақшы (шикізат - өзінікі), сонымен қатар Спиридоновка селосында және Егіндікөл аудан орталығында сүт дайындатқызбақшы.
Өзге шаруашылықтар мен тұрғындардың сүттері, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірген еттері Астана қаласының кәсіпорындары мен рыноктарына жеткізіліп түрады.
Егіндікөл селосындағы «Абілмансұр» шаруа қожалығы жылына 15 тонна сұйық май өндіре алатын цех ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске асырмақшы. Жобаның құны 1,5 млн. теңге.
Аудандағы 3 сүт дайындаушы пунктер өнімдерін Агрофирма «Аймақ» ЖШС-не жеткізіп тұрады.
Қорғалжын ауданы. Өңдеу кәсіпорындарының жүйесі нашар дамыған. Ет және сүт өндейтін кәсіпорындар жоқ. Аудан орталығынан 43 км, Астанадан 85 км қашықтықтағы Қараегін селосында «Жаңа» ЖШС-гі қуаттылығы жылына 450 тоннаға баратын сүт өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 6 млн. теңге. Ауданда 1 ғана сүт дайындау пункті бар, оның өзі аудан рыноктарына апарылады. Ауданда сүт дайындау пунктерінің жүйесін дамыту қажет.
3 шикізат аймағы:
Аршалы ауданы. Екібастұз қ. «Алмас-Сервис» ЖШС фирмасы қайта қалпына келтіріп жатқан Аршалы кентіндегі май зауыты алдағы уақытта негізгі сүт өңдеуші зауыт болмақшы. Астана қаласымен ара қашықтығы 68 км. Құны 10 млн. теңгелік жобада жаңа құрал-жабдықтар сатып алу мен қолда бар өндірістік қуаттарды қайта қалпына келтіру көзделіп отыр. Қайта қалпына келтірілген қуат тәулігіне 12 тонна сүт өндіруге мүмкіндік бермек. Шикізат жақын жердегі кәсіпорындар мен елді мекендерден және Константиновский мен Сарыоба селолық округтерінен, Аршалы кентінің тұрғындарынан алынбақ.
Александровск, Волгодоновск, Вячеславск, Михайловск селолық округтерінің шаруашылықтары мен тұрғындарының сүттері Астана қаласының рыноктарына жеткізіліп тұрады және Астаналық «Фуд-Мастер» компаниясымен сатып алынады. Ауданда 15 сүт дайындау пунктері жұмыс істеп тұр, бұл сүт осы ауданның ауыл шаруашылық кәсіпорындарына жеткізіліп тұрады.
Ерейментау ауданы. Ерейментау қаласындағы «Толқын-бидай» ЖШС- де (Астанадан 150 км қашықтықта) Ресейдің ӘӨК кәсіпорны шығаратын құрал-жабдықтар негізінде ауысымдық қуаты 4 тонна болатын сүт өңдеу цехы ашылмақшы. Жобаның құны 11 млн. теңге. Жаңа кәсіпорынның шикізаты жартылай өзінен, сонымен қатар, Ерейментау каласының, Торғай мен Звенигорка селоларының тұрғындарынан дайындалмақшы.
«Абралы», «Новомарковка-Агро» ЖШС-терінің сүттерін «Фуд-мастер» компаниясы өңдеп шығарады.
«Благодатное» ЖШС аудан орталығынан 60 км, Астанадан 120 км қашықтықтагы Благодатное селосында өз шикізатын пайдаланып шұжық өнімдерін өндіретін цех ашуды жоспарлап отыр. Жобалық қуаты ауысымына 0,5 тонна. Жобаның құны 7,2 млн. теңге.
«Торғай» ЖШС-гі аудан орталығынан 30 км, Астанадан 100 км қашықтықтағы Торғай селосында өз шикізатына жеке және инвесторлардың қаражаттары есебінен шұжық өнімдерін өндіретін цех ашуды жоспарлап отыр. Жобалық қуаты ауысымына 0,5 тонна. Жобаның құны 7,2 млн. теңге.
«Ақдым», «Новомарковка-Агро», «Абралы», «Атамекен-Түлен», «Бозтал» ЖШС-терінің, сонымен қатар Ерейментау қаласының халқы мен барлық селолық округтер дайындаған еттері Астана қаласына, кей кездері Екібастұз жэне Қарағандыға әкетіледі.
«Дарион» ЖШС-гі Ерейментау қаласында қаракұмық жармасын өндіру бойынша ауысымдық қуаты 3 тоннаға баратын цех ашпақшы.Жобаның құны 8,6 млн. теңге.
«Веренка ЛТД» ЖШС-гі аудан орталығынан 55 км, Астанадан 100 км қашықтық жердегі Веренка селосында жеміс-көкөніс консервілерін шығаратын цех ашуды және көкөніс қоймасы мен жылыжай құрылысын жоспарлап отыр. Қуаты ауысымына 0,2 тонна, жобаның құны 5,8 млн. теңге.
Проблемалы сұрақтар. Дайындау пунктері Астана қаласы мен көршілес облыстардың өңдеуші кәсіпорындарымен каржыландырылады. Осыған орай шикізат (ет, сүт) Астана қаласының, Павлодар, Қарағанды және басқа облыстардың өңдеу өнеркәсіптеріне жеткізіліп, нәтижесінде оларда үстеме құн да, жұмыс орны да өсіп, салық ортасы кеңейіп отыр.
4 шикізат аймағы:
Щучье-Бурабай курорттық өңірін Щучье, Бұланды, Еңбекшілдер аудандары ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырады.
Щучье ауданы. Негізгі сүт өңдеуші - «Щучье сүт зауыты» ЖШС (Щучье қаласы) - облыс орталыгынан 70 км кашықтықта орналаскан. Ресей өндірісінің құрал-жабдықтарымен жабдықталған, өндірістік қуаты тэулігіне 15 тонна сүт өңдеп шыгарады.
Щучье қаласында «Қарлыгаш» ЖШС-де сүт өңдейтін цех үйымдастыру жоспарланып отыр. Жоба қүны 5 млн. теңге.
Жеке кәсіпкер Смирнов осыған ұқсас өндіріс үйымдастыруды көздеп отыр (5 млн. теңгенің жобасы).
Негізгі ет өңдеушілер - «Щучье қүс фабрикасы» және «Щучье ет комбинаты» ЖШС-тері.
«Щучье құс фабрикасы» ЖШС-гі Щучье қаласынан 20 км, Көкшетау қаласынан 90 км қашықтықтағы Зеленый Бор селосында орналасқан. Тәулігіне 0,5 тонна ет өңдеп шығаратын қуаты бар құс етін өңдеу цехы жұмыс істеп тұр.
Кәсіпорында ресей жабдығымен жабдықталған сағатына 1 тонна карақұмық жармасын өндіретін цех бар. Өнім шығаруды арттыруға қажет шикізатты сатып алу үшін айналым қаражаттары қажет (жобаның құны 15 млн. теңге).
Щучье қаласындағы «Щучье ет комбинаты» ЖШС-нің тәулігіне 35 тонна ет өңдей алатын және 1,8 тонна шұжық өнімдерін шығара алатын қуаты бар. Шұжық цехының тәулігіне өнім шығару қуатын 2 тоннаға дейін арттырып жетілдіру жоспарланып отыр. Жобаның құны 7,4 млн. теңге.
Жеке кәсіпкер Осиповқа (Щучье қаласы) шикізат сатып алу үшін және шұжық өнімдерін шығаруды өсіру үшін 3 млн. теңге көлемінде айналым қаражатын толықтыратын кредит қажет.
«Құрдас» ЖШС-гі балалар тағамы мен зәйтүн майын өндіретін цех ұйымдастырмақшы. Жобаның құны - 5 млн. теңге.
«Анастасия» ӨКФ ЖШС-гі құрал-жабдықтар сатып алуды және макарон өнімдерін вакуумда кептіріп өндіруді жоспарлар отыр. Жобаның құны 5 млн. теңге.
Щучье ауданында 4 сүт дайындау орындары бар, бұл шикізат Щучьенің және Көкшетаудың сүт зауыттарына жеткізіліп тұрады.
Бұланды ауданы. Негізгі сүт өндеуші - «Алан Агро» ЖШС - аудан орталығынан 30 км, Бурабайдан 70 км, Көкшетаудан 140 км, Астанадан 210 км қашықтықтағы Воскресенка селосында орналасқан. Осы кәсіпорынның сүт өңдеу цехы тәулігіне 15 тоннадан ірімшік, май, айран шығарады.
«Новобратское» ЖШС-нің (Новобратское с.) ет өндейтін және шұжық шығаратын кішігірім цехы бар - қашықтықтығы аудан орталығына дейін 115 км, Бурабайға дейін 133 км, Көкшетауға 153 км, Астанаға 210 км. Бұл кәсіпорында шұжық өнімдерінің ассортиментін кеңейтіп, қуатын тәулігіне 0,3 тоннаға арттыру үшін және тәулігіне 1 тонна сүт өңдеуді ұйымдастыру үшін құрал-жабдықтар сатып алынбақшы. Жобаның құны 5 млн. теңге. Аудан орталығынан 100 км, облыс орталығынан 200 км қашыктықтағы Партизанка селосандағы «Партизанское» ЖШС шұжық өндіру цехын ашуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 2 млн. теңге.
Еңбекшілдер ауданы. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындар жүйесі нашар дамыған, мал шаруашылығын өндейтін өндіріс мүлдем жоқ. Аудан орталығынан 68 км, Щучье қаласынан 113 км жердегі Атансор селосындағы «Испан» ШҚ мал сатып алу және оны өсіру, соңынан сату жөнінде құны 0,5 млн. теңгелік жобаны іске асыруды көздеп отыр. Ауданда 10 сүт дайындау пункті бар, олардың өнімдері аудан рыноктарына өткізіледі.
5 шикізат аймағы:
Облыс орталығы мен Зеренді курорттық өңірі.
Осы өңірдің халқын қамтамасыз ету үшін Зеренді, Атбасар, Сандықтау аудандарының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілері өңдеуші кәсіпорындардың негізгі шикізат жеткізушілері болып табылады.
Көкшетау қаласы. Негізгі сүт өңдеушілер - «Гормолзавод» ЖШС және «Сары-Арқа» ЖШС.
«Гормолзавод» ЖШС-нің тәулігіне 120 тонна сүт өңдеп шығаратын қуаты бар, ТМД елдері мен Германияның құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Республикалық органдарда («Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі) екі жобаны жүзеге асыру мәселесі қаралуда: 143 млн. теңгеге сүтті стерильдеу құралын және 30 млн. теңгеге құрғақ сүт өндіретін құрал-жабдық сатып алу. Облыстық бюджет пен екінші деңгейдегі банктің бірлесіп қаржыландыруы есебінен 200 бастан тұратын ферма ұйымдастыру көзделіп отыр (жобаның құны 15 млн. теңге). Бұл шикізатпен қамтылуды жақсартып, жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін өндіруді өсірмек.
“Сары-Арқа” ЖШС-нің жобалық қуаты тәулігіне: 1,2 тонна ертлген және 2,5 тонна қатты ірімшік, 2 тонна сары май, 5 тонна қоюлатылған сүт өнімдері, Венгрия, Чехия, Ресей құралдарымен жабдықталған. “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” ЖАҚ -да кұрғақ майсыздандырылған сүтті және қою сүт ауыстырғышын өндіру бойынша тәулігіне 3 тонна өнім шығаратын қуаты бар цехты қайта қалпына келтіру жобасы қаралып жатыр. Жобаның құны 50 млн. теңге. «Сары-Арқа» ЖШС-і Көкшетау қ. дейін 70 км Зерендіге дейін 120 км. қашықтықтағы Зеренді ауданының Кызыл-Сая селосында сүт бөлімін ашуды жоспарлап отыр. Жобаның қуаты тәулігіне 2,5 тоннаға дейін өнім шығара алады. Сүт сатып алуға қажетті айналым қаражаттарын толықтыру есебімен жобаның құны 10 млн. теңгені құрамақ.
Негізгі ет өңдеуші кәсіпорындарға «Мясоперерабатывающий комбинат» ЖШС және «Хладокомбинат» ЖШС жатады.
«Мясоперерабатывающий комбинат» ЖШС-нің қуаты тәулігіне 30 тонна ет және 3,5 тонна шұжық өнімдерін шығаруға негізділген, ТМД, Германия, Англия құралдарымен жабдықталған.
«Хладокомбинат» ЖШС- де тәулігіне 5 тоннаға дейін ет, 1,5 тоннаға дейін шұжық өндіреді, үлкен мұздатқыш камералары бар. Ресей өндірісінің құралдарымен жабдықталған. Кәсіпорын ет өңдеуді өсіру үшін құрал-жабдық сатып алмақшы, жобаның құны 5 млн.теңге.
Жеке кәсіпкер Карнашаускене құрал-жабдықтар сатып алып ет өнімдерін өндіруді кеңейтпек ойда (тұшпара, манты, котлет, шұжық). Жобаның құны 4 млн. теңге.
«Көкшетау нан зауыты» ЖШС-2 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр: кондитерлік өнім шығаруды арттыру мақсатында пісіру шкафын сатып алу - жобаның құны 1,5 млн. теңге; ваккумды кептіргішті қолданып жаңа технология бойынша макарон өнімдерін өндіру үшін құрал - жабдықтар сатып алу - жобаның құны 4,5 млн. теңге.
Жеке кәсіпкер «Қайтал» фирмасында қазіргі уакытта жылқы шаруашылығын жүргізуге жеткілікті материалдық-техникалық базасы бар, иелігінде 100 бас қой, 30 бас ІҚМ, 40 бас жылқы, сою жэне сүрлеу цехы бар. ІҚМ, кой және жылқы еттерін сатып алатын дайындау пунктері ашуды және қымыз өндіруді жоспарлап отыр. Жылқы еттерін жеткізуді жоспарлап отыр. Жылқы еттерін жеткізу жөнінде «Хладокомбинат» ЖШС-мен келісім-шарттары бар. Жобаның құны 5 млн. теңге.
3еренді ауданы. Молодежный селосындағы «Мирас» ЖШС-гі мал тұратын орындар құрып, жылқы фермасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қымыз өндіру қуаты жылына 75 тоннаға дейін. Жобаның құны 5 млн. теңге. Көкшетау қаласынан 30 км, Щучьеден 50 км қашықтықта орналасқан.
Зеренді селосындағы жеке кәсіпкер Темірбаева жылына 10,5 тонна қымыз өндіре алатын қуаты бар қымыз және ет өндірісі үшін кажетті ауыл шаруашылық техникаларын және төлдейтін мал сатып алуды көздеп отыр. Жобаның құны 1 млн. теңге.
Көкшетау қаласына дейін 40 км, Щучьеге дейін 110 км қашықтықтағы Еленовка селосында «Ырыс» ШҚ диірмен, шұжық цехының құрал-жабдықтарын сатып алуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 2 млн.теңге.
Жеке кәсіпкер Тайжанова Зеренді селосында нан өнімдерінің өндірісін өсіру үшін наубайхананы кеңейтпекші. Жобаның құны 2,5 млн. теңге.
Зерендіден 12 км, Көкшетаудан 62 км қашықтықта орналасқан Серафимовка селосындағы «Бекқожа» ШҚ ірі қара мүйізді малдың жас төлдерін сатып алуды және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді көздеп отыр. Жобаның қүны 2 млн. теңге.
Ауданда 18 сүт дайындау орындары бар, бұлар шикізаттарын негізінен «Гормолзавод» ЖШС және «Сары-Арқа» ЖШС-не тасымалдайды (Көкшетау қ.).
Атбасар ауданы. Ірі ет және сүт өңдеушілер жоқ. Аудан орталығынан 20 км, Зерендіден - 140 км, Көкшетаудан - 180 км, Астанадан - 270 км қашықтықтағы Борисовка селосында орналасқан «Аграрное» ЖШС-де және аудан орталығынан 44 км, Зерендіге дейін 202 км, Көкшетауға 242 км, Астанаға 292 км қашықтықтағы «Шуйское» ЖШС-де голландиялық жабдықпен жабдықталған сүт бөлімдері мен сою цехтары бар.
«Сочинское» ЖШС-гі Атбасар қаласында ауысымына 4 тонна өнім шығаратын қуаты бар сүт өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр, арақашықтығы Зерендіге дейін 160 км, Көкшетауға дейін 200 км, Астанаға 230 км.
Жеке кәсіпкер Коньшина Атбасар қаласындағы шұжық және нан өнімдерін өндіретін цехтарды ұйымдастырмақшы. Жобаның құны 3 млн. Теңге.
Сандықтау ауданы. «Гормолзавод» ЖШС-нің филиалы «Сандықтау-сүт» ЖШС негізгі сүт өңдеуші болып табылады. Кәсіпорын Көкшетау қаласынан 110 км, Зеренді селосынан 60 км, қашықтықтағы Балкашино селосында орналасқан. Жобалық қуаты – тәулігіне 10 тонна сүт өңдеп шығарады.
Балкашино селосында жеке кәсіпкер Грибов шұжық өнімдерін шығарады. Өндірістік қуаты тәулігіне 1 тонна ет өңдейді. Осы кәсіпорын шұжық өнімдерін өндіретін жаңа линия сатып алуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 15 млн. теңге. Арақашықтығы – аудан орталығынан – 30 км, Зерендіден – 80 км, Көкшетауға дейін – 130 км.
Ауданда 8 сүт дайындау пунктері бар, олар ауданның ауыл шаруашылық кәсіпорындарына және «Сандықтау-сүт» ЖШС-не жеткізіледі.
6- шикізат аймағы:
Жақсы ауданы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, әсіресе мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу жүйесі нашар дамыған. Негізгі сүт өңдеуші «Айбат» ЖШС - гі Астана қаласынан 340 км қашықтықтағы Жақсы кентінде орналаскан. Сүт өңдейтін өндіріс голландық құрал-жабдыктармен жабдықталған, тәулігіне 5 тонна сүт өңдеп шығарады.
Ауданда сүт дайындайтын 1 пункт бар, ол шикізатын «Айбат» ЖШС - гіне жеткізіп тұрады.
Жарқайың ауданы. Ауыл шаруашылығының, әсіресе мал шаруашылығының өнімдерін өңдеу жүйесі нашар дамыған. Сүттерін ауданның ауыл шаруашылық кұрылымдарына жеткізіп тұратын 21 сүт дайындау пунктері бар.
Есіл ауданы. Негізгі сүт өңдеуші «Азимут -ЕМ» ЖШС аудан орталығынан 26 км, Астанадан 374 км қашықтықтағы Красивое селосында орналасқан.
Жеке кәсіпкер Данильченкоға айналым қаражатын толықтыру үшін және шұжық цехын реконструкциялау үшін 5 млн. теңге көлемінде кредит қажет, нәтижесінде өндірістік қуаты 2 есеге өспек.
Өңдеу кәсіпорындарын орналастыру, қуаттарын пайдалануды жақсарту.
Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдеу бойынша:
Аршалы, Ақкөл, Ерейментау, Шортанды аудандарында жарма дақылдарын өңдейтін қосымша 1-2 цехты орналастыру. Бір цех Жақсы, Есіл, Егіндікөл аудандарының жарма дакылдарын өңдеуге арналмақ.
Жарма дақылдарының алқабын өсіру жөніндегі облыстық агроазық - түлік бағдарламасы көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілсін, Щучье құс фабрикасының, Зеренді ауданының «Целина» АК-ның цехтары шикізатпен жақсы камтамасыз етілсін, олар, кем дегенде 2 аусымдық жұмысқа көшірілсін. Сұйық май өндіретін цехтарды шикізатпен қалыпты қамтамасыз ету шаралары қабылдансын және олардың қуатын 1,5-2 есеге өсіру мүмкіндігі қарастырылсын.
Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша:
Астана қаласына мал өнімдерін өңделген күйде жеткізудің ерекше маңызын ескере отырып, астанаға жақын орналасқан - аудандардың өңдеу өнеркәсіптерінің келесі приоритетті кәсіпорындары анықталсын.
Целиноград ауданы. Сүт өңдеу бойынша - жұмыс істеп тұрған «Берлик» ЖШС мен «Родина» ӨК кәсіпорындары, ет өңдеу бойынша «Ақмола-Феникс» АҚ мен «Құдабаев» жеке кәсіпкерлігінің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары.
Ақкөл ауданы - сүт өнімдері бойынша жұмыс істеп «Новорыбинский и К» ЖШС, «Ақ-қу» ЖШС, жаңадан ашылып жатқан «Енбек» ЖШС, ет өңдеу бойынша «Достық» ЖШС жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар.
Шортанды ауданы. Сүт өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған «Май ТГТ» ЖШС.
Аршалы ауданы. Сүт өңдеу бойынша Аршалы кентінде сүт зауыты кайта қалпына келтіріліп жатыр.
Ерейментау ауданы. «Толқын - Бидай» ЖШС-нің ашылатын сүт өндеу цехы, ет және шұжық өнімдерін өңдеу бойынша - «Благодатное» ЖШС және «Торғай» ЖШС, көкөніс пен консервілерді өңдеу бойынша - «Веренка ЛТД» ЖШС.
Астрахан ауданы. Сүт өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған «Ақ-Тюрг» ЖШС, «Ибрагимов ИК» КС-нің ашылатын цехы, ет өндеу бойынша «Жабчук и К» КС-де ашылатын цех.
Егіндікөл ауданы. Ет және сүт өңдеу бойынша «Дос» ЖШС - нің ашылатын цехтары.
Қорғалжын ауданы. Астана қаласында жақын жатқан аудандардың кәсіпорындарын шикізатпен, сонымен қатар рынок жүйесі арқылы астана халқын ет, сүтпен қамтамасыз ететін дайындау пунктерінің жүйесі жетілдіріліп және дамытылуы қажет.
Степногорск қаласы. Өз халқын өніммен қамтамасыз етуді жақсарту үшін және Астана қаласына жеткізілетін өнім көлемін арттыру үшін сүт өңдейтін кәсіпорын - «Молторг» ЖШС.
Облыс орталығы мен Зеренді курорттық өңірін өнімдермен камтамасыз етуді жақсарту мақсатында мына кәсіпорындар приоритетті болып анықталады: сүт өңдеу бойынша Көкшетау қаласында жұмыс жасап тұрған «Гормолзавод» ЖІІІС-гі, «Сары-Арқа» ЖШС-гі Атбасар ауданында ашылатын «Сочинское» ЖШС сүт өңдеу цехы. Ет өндеу бойынша Көкшетау қаласының «Хладокомбинат» ЖШС, «Мясоперерабатывающий комбинат» ЖШС.
Щучье-Бурабай курорттық өңірін ет-сүт өнімдерімен камтамасыз етуді жақсарту үшін мына кәсіпорындар приоритетті болып анықталады: сүт өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған Щучье сүт зауыты, ет өңдеу бойынша - «Щучинский мясокомбинат» ЖШС.
Негізгі күш ауыл шаруашылығының, ең алдымен мал шаруашылығының өнімдерін өңдейтін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың құрал-жабдықтарын жаңартуға, озық технологияны енгізуге, шикізатпен қамтылуын жақсартуға және оны терең өңдеуге бағытталмақ.
Қолданылатын шаралар мал өңдейтін кәсіпорындардың қуатын 2 еседен асыруға, сүт өндеу қуатын 1,5 есеге өсіруге мүмкіндік береді.»
Тармақ 7
7. 8-тармақтың 2-тармақшасы, Іс-шаралар жоспары келесі мазмұндағы 13- абзацпен толықтырылсын:
№ р/с
Іс-шаралар атауы
Аяқтау нысаны
Орындалуына жауаптылар
Жүзеге асырылу мерзімі
Болжанып отырған шығындар
Қаржыландыру көзі
13
Шағын және орта бизнес субъектілері мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға кредит беру үшін облыстық бюджеттен 90%- ға қаражат қарастыру және 10%-ы облыс өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін
маңызы бар басқа жобаларға қарастырылсын
Есеп
Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы
2004
жылдың
ішінде
Облыстық
бюджет,
бірлесіп қаржыландыру шарты мен екінші деңгейдегі банктер қаражаты