О внесении изменений в решение акима Майского района «Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба» № 3 от 03 ноября 2023 года Күшін жойған
Басқа 0
Май ауданы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» 2023 жылғы 03 қарашадағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Май ауданы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» 2023 жылғы 03 қарашадағы жарияланған №3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Павлодар облысы Май ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын».
2) көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қарыздарын материалдық залалдың орнын толтырмай, қаржы институттарымен қайта құрылымдау үшін жарияланады».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.