О внесении дополнения № 3 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 26 сентября 2002 года № 4 "Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета Республики Казахстан", зарегистрированный за № 2019 Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 26 қыркүйекте № 2019 тіркелген № 4 бұйрығына № 3 толықтырулар енгізу туралы
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 2019 тіркелген № 4 бұйрығына (№ 2021 тіркелген 2003 жылғы 12 наурыздағы № 44, № 2019 тіркелген 2003 жылғы 4 мамырдағы № 76) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
134 "Мүліктік заттарды, басқа да киім нысанын және арнаулы киім-кешектер сатып алу, тігу және жөндеу" ерекшелігі бойынша "Анықтама" бағанында "сот приставтары" деген сөздерден кейін "сот орындаушылары" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.