Об утверждении Изменений и дополнений в "Основные требования к Пенсионным правилам накопительного пенсионного фонда", утвержденные приказом Национального пенсионного агентства Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан № 3-П от 27 августа 1997 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 27 тамыздағы № 3-Ө бұйрығымен бекітілген (1997 жылғы 12 қыркүйектегі мемлекеттік тіркелім № 367), 1998 жылғы 9 наурыздағы № 29-Ө өзгерістермен және толықтырулармен (1998 жылғы 18 наурыздағы мемлекеттік тіркелім № 73) "Жинақтаушы зейнетақы қорының ережелеріне қойылатын негізгі талаптарға" өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы Салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпараттандыруды реттеу мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 27 тамыздағы № 3-Ө бұйрығымен бекітілген (1997 жылғы 12 қыркүйектегі мемлекеттік тіркелім № 367), 1998 жылғы 9 наурыздағы № 29-Ө өзгерістермен және толықтырулармен (1998 жылғы 18 наурыздағы мемлекеттік тіркелім № 73) "Жинақтаушы зейнетақы қорының ережелеріне қойылатын негізгі талаптарға" өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Заң бөлімі (Ремкевич И.А) "Жинақтаушы зейнетақы қорының ережелеріне қойылатын негізгі талаптарға" енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 27 тамыздағы № 3-Ө бұйрығымен бекітілген, 1998 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (1998 жылғы 18 наурыздағы мемлекеттік тіркелім № 73) "Жинақтаушы зейнетақы қорының Зейнетақы ережелеріне қойылатын негізгі талаптарға" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 12 қыркүйектегі мемлекеттік тіркелім № 367) өзгерістер мен толықтырулар
Бекітілді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998 жылғы 18 желтоқсандағы № 177-Ө бұйрығымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 27 тамыздағы № 3-Ө бұйрығымен бекітілген, 1998 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (1998 жылғы 18 наурыздағы мемлекеттік тіркелім № 73) "Жинақтаушы зейнетақы қорының Зейнетақы ережелеріне қойылатын негізгі талаптарға" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 12 қыркүйектегі мемлекеттік тіркелім № 367) өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. 2-тараудың 2.6-тармағының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "2.6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Салымшыларды және Алушыларды ақпараттандыруы ".
Тармақ 2
2. 2-тараудың 2.6-тармағының а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "а) Қор салымшыларды және алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттармен жылына бір рет ақпараттандыруға міндетті."
Тармақ 3
3. 2-тараудың 2.6-тармағының б) тармақшасындағы "мөлшері ақпаратты беруге арналған іс жүзіндегі шығындардан аспайтын" деген сөздер алынып тасталсын.