О внесении дополнения в решение № 3 Петропавловского городского маслихата от 29 июля 2009 года "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан по бесплатному проезду на автомобильном транспорте в городе Петропавловске" Күшін жойған
Басқа 0
"Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі №3 шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі №3 шешіміне (2009 жылғы 14 тамыздағы № 13-1-16 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Қызылжар Нұры» газетінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (244), «Проспект СК» газетінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (292) сандарында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-тармағы мынадай редакциядағы 12-тармақшамен толықтырылсын:
«12) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат Агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.