О присвоении имени заслуженного учителя Казахской ССР Катши Оспановой Кашырской средней общеобразовательной школе № 3 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
№ 3 Қашыр жалпы бiлiм беретiн мектебiне Қазақ ССР-нiң еңбек сiңiрген мұғалiмi Қатша Оспанованың есiмiн беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасының ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" № 281 қаулысына , облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы "№ 3 қашыр жалпы бiлiм беретiн мектебiне қазақ ССР-нiң еңбек сiңiрген мұғалiмi Қатша Оспанованың есiмiн беру туралы" № 103/4 қаулысына , Качиры ауданы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 16 қаңтардағы " № 3 қашыр жалпы бiлiм беретiн мектебiне қазақ ССР-нiң еңбек сiңiрген мұғалiмi Қатша Оспанованың есiмiн беру туралы" № 2/1 қаулысына, II сайланған Качиры аудандық мәслихатының 2002 жылғы 5 шiлдедегi ХIХ сессиясының " № 3 Қашыр жалпы бiлiм беретiн мектебiне қазақ ССР-нiң еңбек сiңiрген мұғалiмi Қатша Оспанованың есiмiн беру туралы" № 19/6-а шешiмiне, облыстық ономастикалық комиссияның 2002 жылғы 22 тамыздағы ұйғарымына сәйкес, № 3 Қашыр жалпы бiлiм беретiн мектебi педагогтар ұжымының пiкiрлерiн ескере отырып, облыстық мәслихат және облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Качиры ауданы өкiлдi және атқарушы органддарының № 3 Қашыр жалпы бiлiм беретiн мектебiне қазақ ССР-нiң еңбек сiңiрген мұғалiмi Қатша Оспанованың есiмiн беру жөнiндегi ұсыныстарымен келiсiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiм Қазақстан Республикасының үкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясының қарауына енгiзiлсiн.