Об объявлении объектового чрезвычайного положения в школе № 3 села Кызылшаруа Акбулакского сельского округа района Т. Рыскулова Жамбылской области Қолданыста
Басқа 0
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Қызылшаруа ауылында орналасқан №3 мектепке объектiлiк табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес және Т.Рысқұлов аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысының 2026 жылғы 22 ақпандағы № 2 хаттамасы негізінде, Т.Рысқұлов ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Қызылшаруа ауылында орналасқан №3 мектепке объектiлiк табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуге төтенше жағдайды жою басшысы болып Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Құралбаев Ернар Сәбитбекұлы тағайындалсын.
Тармақ 3
3. «Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» КММ заңда белгіленген тәртіппен осы шешімнің ресми жариялануын және әкімдіктің ресми интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Келісілді:
Е.Еспенов ______________
Е.Құралбаев ____________
Б.Тұрсынбек ___________
Б.Нұрғалиев ____________
С.Нүрпейсов ____________
Д.Оразбайқызы _________
Ұ.Имашев ___________