О внесении изменений и дополнений в решение Жезказганского городского Маслихата № 30/343 от 21 июня 2006 года "Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья, оплату коммунальных услуг и компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон абонентам городских сетей телекоммуникации" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жезқазған қалалық Маслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы N 30/343 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы N 30/343 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Жезқазған қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 26 шілдеде N 8-2-31 болып тіркелген, 2006 жылғы 4 тамыздағы N 56-57 "Сарыарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) атауы "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиумдағы жалпы мүлік объектісін күрделі жөндеуден өткізуді қосып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" болып өзгертілсін;
Тармақша 2
2) аталған шешіммен бекітілген Қағидасында 2 тармағындағы "20% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен" сөздері "18% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен" сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орыдалысын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамуы және тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Б.М. Мырзаханов 22 қазан 2007 жыл