О внесении изменения в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области № 307 от 11 декабря 2019 года «Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 307 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5733 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін: қосымшада 11-тармақ, «Автодүкендерді және (немесе) шатырларды (павильондарды) орнату орындары» бағаны келесі редакцияда жазылсын: «Полудино ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, орталық алаң.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындауын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Д.М. Токужиновқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.