О внесении изменений в постановление акимата Урджарского района № 317 от 07.06.2016 года «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта Урджарского района Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
Үржар ауданының әкімдігінің
07.06.2016 жылғы «Шығыс Қазақстан
облысының Үржар ауданының
дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
№ 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылєы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" № 480-V ҚРЗ Заңының 65- бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үржар ауданы әкімдігінің 02.07.2016 жылғы «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы № 317 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін :
Қаулының қосымшасымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" Мемлекеттік мекемесі туралы ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Үржар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі (С.Кабдолданов) заңда белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың орындауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Баймурзаевқа жүктелсін.
Басқа 1. «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Үржар ауданы әкімдігінің
28.03. 2022 жылғы № 100
қаулысымен бекітілген
«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1.«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –«Бөлім») Үржар ауданының аумағында дене шынықтыруды және спортты дамыту жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.Бөлімінің ведомстволары жоқ.
3.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясынжәне заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.
5.Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6.Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7.Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8.Бөлімініңқұрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 141,индекс 071700.
10.Осы ереже Бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11.Бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12.Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері.
13.Мақсаттары:
Тармақша 1
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
Тармақша 2
2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес, сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
Тармақша 3
3) денешынықтыру мен спорттықолдаужәнеынталандыру;
Тармақша 4
4) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
1.Құқықтары:
Тармақша 1
1)мемлекеттiк органдардан өздерiнiң мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
Тармақша 2
2)заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қарамағында бар ақпараттық деректер банктерiн пайдалануға;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік көлік құралдарын, коммуникация және байланыс жүйелерін пайдалануға;
Тармақша 4
4) аудан әкімдігіне және әкімге есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының аудан әкімі аппаратында бақылауда түрған тапсырмаларды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) өз құзыреттер шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құқықтық актiлерді қабылдауға;
Тармақша 6
6) Бөлім жанында консультативтік-кеңесші органдарды құруға;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Тармақ 2
2. Міндеттері:
Тармақша 1
1)Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға;
Тармақша 2
2)ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдануға жол бермеуге;
Тармақша 3
3)Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 4
4)азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да міндеттерді орындауға.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1)жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
Тармақша 2
2)бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3)аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарды өткiзедi;
Тармақша 4
4)спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 5
5)Үржар ауданының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6)тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында аудандық, облыстық маңызы бар қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 6-1
6-1)балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;
Тармақша 7
7)спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
Тармақша 8
8)мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
Тармақша 9
9)спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
Тармақша 10
10)аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
Тармақша 11
11)тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсынады;
Тармақша 12
12)аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 13
13)қолданыстағы Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14)ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 15
15)дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 15-1
15-1)аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 15-2
15-2)спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 15-3
15-3)аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 15-4
15-4)халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16)жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері.
16.Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17.Бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18.Бөлімінің біріншібасшысыныңөкілеттіктері:
Тармақша 1
1)бөлімге жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2)өз құзыреті шегінде бөлімінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 3
3)аппараттың техникалық персоналын жұмысқа қабылдайды, іссапарға жібереді және жұмыстан босатады;
Тармақша 4
4)қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5)өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6)өз құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды;
Тармақша 7
7)мемлекеттік органда, өзге де ұйымдарда бөлімінің мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8)Бөлімінің барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 9
9)қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
19.Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20.Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22.Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.