«О внесении изменений в постановление акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области № 318 от 27 декабря 2019 года «Об утверждении положений некоторых коммунальных государственных учреждений Аккайынского района Северо-Казахстанской области»» Қолданыста
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 318 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 318 қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне келесі өзгерістер енгізілсін:
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ережесінің 7-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«7. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 150311, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Шағалалы ауылы, Вадима Буторина, 4.»
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Эділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерін эталондық бақылау енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгеріс жөнінде әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.