О внесении изменений в постановление акимата города Костаная № 326 от 13 мая 2002 года "О правилах розничной продажи периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического характера", регистрационный номер 1583 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережелері туралы" Қостанай қаласы әкімиятының 2002 жылғы 13 мамырдағы № 326 қаулысына, тіркеу нөмірі 1583, өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-1 Заңына 14-тармағына сәйкес Қостанай қаласы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережелері туралы" Қостанай қаласы әкімиятының 2002 жылғы 13 мамырдағы № 326 қаулысына, тіркеу нөмірі 1583, бұдан әрі "қаулы", мына өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. Қаулысына 2-тармағы мына редакцияда жазылсын: "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сату мәселелері жөнінде қалалық комиссия құрылсын", оның дербес құрамы заң белгілеген тәртіппен № 2 қосымшаға сәйкес, қалалық мәслихаты сессиясының бекітуіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қаулының 4-тармағы мына редакцияда жазылсын: "Осы қаулының орындалуына бақылау әкімінің орынбасары С.М. Төкеновқа жүктелсін".
Тармақ 3
3. Аталған қаулыға № 1 қосымшасына: 2-тармақ мына редакцияда жазылсын: "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тек қана мөлдір ораммен буылып-түйілген күйінде және бөлшек саудада соған арнап әдейі бөлінген стационарлық үй-жайларда сатуға жол беріледі"; 3-тармағының 2-тармақшасы алынып тасталсын.
Басқа 4
Қостанай қаласы әкімиятының 2004 жылғы 24 наурыздағы № 381 қаулысына № 2 қосымша Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сату мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы 1 Төкенов Сакен Мәкенұлы - қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2 Шаяхметов Бақытжан Ақылбекұлы - "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесінің қаланың ішкі саясаты мен әлеуметтік-мәдени дамуы бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; 3 Жанділдін Самат Сәндібекұлы - "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесінің қаланың ішкі саясаты мен әлеуметтік-мәдени дамуы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы; Комиссия мүшелері: 4 Замлелова Раиса Константиновна - "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесінің тұтыну рыногы  бастығы; 5 Ағайдаров Марат Садықұлы - "Қалалық ішкі істер басқармасы" Мемлекеттік мекемесінің бастығы; 6 Божақов Әбдібек Баяхметұлы - "Қалалық мәдениет бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі; 7 Шек Генрих Генрихович - "Қалалық білім басқармасы" Мемлекеттік мекемесінің бастығы; 8 Баранов Владимир Иванович - "Қостанай газеті" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры (бас редакторы); 9 Успанова Лаура Амангелдіқызы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы (келісім бойынша).