О внесении изменений и дополнений в постановление акимата № 326 от 13 мая 2002 года "О правилах розничной продажи периодических печатных изданий публикующих материалы эротического характера" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2002 жылғы 13 мамырдағы № 326 "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкімдігінің "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережелері туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы № 326 қаулысына (тіркеу нөмірі 1583, 2002 жылғы 9 шілдедегі № 54 "Қостанай" газеті, бұрын Қостанай қаласы әкімдігінің "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережелері туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы № 326, тіркеу нөмірі 1583, қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 24 наурыздағы № 381, тіркеу нөмірі 2871, қаулысымен өзгерістер енгізілген) бұдан әрі қаулы мына өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қаулының 2-тармағы алып тасталсын.
Тармақша 2
2) Қаулының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: "Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкімнің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновқа жүктелсін".