О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан № 327 от 29 февраля 2000 года «Об утверждении Плана мероприятий по исполнению поручений Президента Республики Казахстан, высказанных на расширенном заседании Правительства Республики Казахстан 9 февраля 2000 года» Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпанда №327 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде айтқан тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде айтқан тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар жоспарын бекіту туралы" № 327 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру және орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде айтқан тапсырмаларын орындау жөніндегі Атырау облысының шаралар жоспары бекітілсін (алға қарай - Жоспар).
Тармақ 2
2. Қала және аудандар әкімдері, облыстық басқармалар мен комитеттер басшылары шаралар жоспарын жүзеге асырылу шараларын алсын және осы шешімнің орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Палымбетовке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімінің
2000 жылғы 10 сәуірдегі
№ 429 шешіміне қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде айтқан тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі Атырау облысының шаралар
жоспары
№
р/с
Шаралар
Аяқтау нысаны
Орындауға жауаптылар
Орындау мерзімі
1
2
3
4
5
Бірінші тапсырма: Әлеуметтік ахуалды жақсарту
1.1.
Әрбір отбасында кемінде бір адамның жұмыспен қамтылуын қарастырып, кедейлікпен және жұмыссыздықпен әзірлеп, онда осы бағдарламаның орындалуы жөнінде қала және аудандар әкімдерінің есеп беруін қамтамасыз ету
Бағдарлама
Есеп
Қала және аудандар әкімдері, облыстық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
Ай сайын әрбір айдың 5 жұлдызына
2000 ж. сәуір
1.2.
Ана мен баланың денсаулығын сақтау, бала өлімін азайту, туберкулезге қарсы күрес барысына бақылауды күшейту
Облыс әкімінің аппаратына ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Тоқсан сайын, әрбір тоқсанның
10 жұлдызына
1.3.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына республиканың барлық мемлекеттік жалпы білім беретін орта мектептерін компьютерлендіруді аяқтау. Ол үшін отандық оргтехника тауарын өндірушілердің басымдығын қамтамасыз ету
Облыс әкіміне жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат
Қала және аудан әкімдері, облыстық білім басқармасы
2000-2001ж.ж. тоқсан сайын
Екінші тапсырма. Басқару тиімділігін арттыру
2.1.
«Ұлттық менеджерлер» (мамандар резерві, келешегі бар КИМЭП, мемлекеттік қызметкерлер Академиясының түлектері, шетелдерде, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жүрген қазақстандық студенттер) туралы мәліметтер жиынтығын құру, оларды әртүрлі экономика секторларында қатыстыру бағдарламасын жақсарту
Облыс әкіміне ақпарат
Қала және аудандар әкімдері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттерінің Атырау облысы бойынша басқармасы (келісім бойынша), облыстық білім басқармасы
2000 ж. желтоқсан
2.2.
Ішкі нарық қажеттілігін және эксперт мүмкіншілігін қамту есебімен отындық кәсіпорындарда өнім өндіруді (облысқа әкелінетін импорттың орнына) ұйымдастыру мақсатында импорт алмастыру Бағдарламасын әзірлеу.
Бағдарлама
Қала және аудандар әкімдері, облыстық экономика басқармасы, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікке қолдау көрсету басқармасы
2000 ж. маусым
2.3.
Қала және әрбір аудандар бойынша жұмыс істемейтін және 2000 жылы қызметін жаңартатын кәсіпорындардың тізбесін жасап, мониторинг жүйесін реттеу.
Есеп қызметін жаңартатын кәсіпорындар тізбесі
Қала және аудандар әкімдері, облыстық экономика басқармасы
2000 ж. сәуір
2.4.
Автомобиль жолдары құрылысының жағдайына және бұл жобаларда отандық құрылыс компанияларының басымырақ қатысуын қамтамасыз етіп, жол құрылысына бөлінген шетелдік несие қаржысының игерілуіне бақылауды күшейту.
Облыс әкіміне ақпарат
Қала және аудандар әкімдері, облыстық құрылыс, сәулет және тұрғын үй саясаты басқармасы МҚҚ "Автодор", ИС және СЭБ басқармасы
Ай сайын
2.5.
Қазақстан Республикасының қабылданған нормативтік құқықтық актілері негізінде кәсіпкерлер құқығын қорғауды жандандыру
Облыс әкімінің аппаратына ақпарат
Қала және аудан әкімдері табиғи монополияны реттеу бәсекелестікті қорғау шағын бизнесті қолдау Агенттігінің Департаменті, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікке қолдау көрсету басқармасы, облыстық әділет басқармасы,
облыстық прокуратура (келісімі бойынша)
Тоқсан сайын
2.6.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 10 жыл ішіндегі іс-қимылдарының қорытындысы туралы облыс халқын хабардар ету жөнінде бағдарлама қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Бағдарлама
Қала және аудандар әкімдері, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2000 ж. шілдесі
2.7.
Құрылтайшылар облыс әкімшілігі, жергілікті атқарушы оргадары болып табылатын, Бұқаралық ақпарат құралдарының тізімін жасау
Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2000 ж. сәуірі
2.8.
Үкімет, министрліктер мен ведомстволар, әкім аппараттары мен бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арасында ақпарат алмасудың үйлестіру сызбасын әзірлеу
Өкім
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, қала және аудандар әкімдері
2000 ж. сәуірі
Үшінші тапсырма: Өндіріс секторын несиелеу
3.1.
Өндіріс секторын несиелеу көлемінің өсуін қамтамасыз ету
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Екінші деңгейдегі банкілер, ҚР Ұлттық банкісінің Атырау облыстық филиалы (келісімі бойынша)
Тоқсан сайын
3.2.
Республика астанасында сауда объектілерін немесе қызмет көрсету жүйелерін ашу мәселесін қарастыру
Есеп
Қала және аудандар әкімдері, облыстық экономика басқармасы
Жыл сайын, желтоқсан
Бесінші тапсырма: Аймақтық сәйкессіздіктерден арылу
4.1
Аймақтар үшін әзірлеп жатқан әдістемелік ұсынымдарға, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді кедейлік тереңдігіне байланысты жеке-жеке қарауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс енгізу
Ұсыныс
Қала және аудандар әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
2000 ж. шілдесі
4.2.
Еліміздің газға, энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жоспарына ұсыныс беру
Ұсыныс
Облыстық экономика басқармасы, облыстың мұнай газ кәсіпорындары
2000 ж.сәуірі