О внесении изменении и дополнений в Правила оказания жилищной помощи семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального дома) и потребления коммунальных услуг», утвержденных решением районного маслихата № ВС-33-3 от 30 ноября 2006 года Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихатының 2006 жылғы 30 қарашаның № ВС-33-3 шешімімен бекітілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің ережесін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағына сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 30 қарашадағы №ВС-33-3 Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің ережесіне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар: 2 тармақта 15 саны 11 санымен ауыстырылсын; Ереженің 2-1 тармағы төмендегі мазмұнмен толықтырылсын: 2-1. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін есептеу 12. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерден белгіленген уақыт ішінде ақшалай немесе заттай түрде алу көзінен тәуелсіз төмендегідей кіріс түрлері есептеледі: 1) еңбекақы түрінде алынған кірістер; 2) кәсіпкерліктен түскен кіріс; 3) мүліктік кіріс; 4) мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік жәрдемақылар, шәкіртақы әлеуметтік қолдаудың басқа түрі, тұрғын үй көмегі, атаулы әлеуметтік көмек, азқамсыздандырылған отбасындағы 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы, жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақы, бала тууға байланысты берілетін мемлекеттік біржолғы жәрдемақы, ақшалай және заттай (бағасы) қайырымдылық көмектер, республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен көрсетілетін біржолғы және материалдық көмектер, сонымен қатар жұмыс берушілердің есептік кезеңде белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен томен жалпы сомада көрсеткен көмектер; 5) балаларға және басқа асырауындағы жандарға алатын алименттер; 6) мертігу және денсаулықтың бүлінуін алған нұқсанды толықтыру ретінде алынған біржолғы сома; 7) ақшалай және заттай түріндегі ұтыстар; 8) жеке меншік қосалқы шаруашылықтан кіріс (үй жануарынан, үй іргесіндегі телімнен, бақшалық телімнен, саяжайдың кірісінен басқа). 9) азаматтардың тегін және жеңілдікпен протездеуге бару жолының ақысы; 10) азаматтарды протездеу кезінде ұстау; 11) емделуге тұрғылықты жерден тыс жерлерге баруға тегін немесе жеңілдікпен жолақысын төлеу; 12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай көмек түрлері: дәрілік препараттар; санаторлы-курорттық емделулер; протезді-ортопедиялық өнімдер (дайындау және жөндеу); емделу орнына дейін жеңілдікпен жету жолын; қозғалу құралдары (кресло-арбалар) және мүгедектерге бөлінген оңалтудың басқа құралдары; білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру. 13. 12 тармақтың 1 тармақшасында көрсетілген кіріс түрлеріне жататындар: 1) еңбекақылардың барлық түрлері, сонымен қатар сыйақылар, қосымша және үстеме ақшалар; 2) Келісім шарт бойынша қызмет атақаратын әскери қызметшілердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басқарушы құрамдарына, сонымен қатар оларға теңестірілген азаматтардың санатындағылардың үстемесін есептей отырып ақшалай жабдықтауы мен қосымша ақылары жатады. 14. кәсіпкерліктен түсетін кіріске жататындар: 1) өнімдерді сатқаннан түсетін кіріс (жұмыс, қызмет); 2) сатудан тыс операциялардан, соның ішінде: дивиденттер, қайтарусыз алынған ақшалай қаражаттар; жылжымайтын және мүліктерді жалға берілгеннен түсетін кірістер; 3) Фермелердің жиынтық кірісіне салық органына берілетін алған кірісі туралы декларацияда көрсетілген ауылшаруашылык өнімдерін сатудан нақты алған кірісі кіреді. Соның ішінде жылдық кіріс 12 айға бөлініп және оның сәйкес бөлігі анықталған кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа есептеледі. 4) сонымен қатар жиынтық кіріс есептелгенде шартты жер телімі мен мүліктік пайдаланым және пайдаланудағы алған кірістер есептеледі. 15. Жеке тұлғаның мүліктік кірісіне бағаның инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып сатудың өсу бағасы алынады: 1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүлік; 16. Жиынтық табыстың құрамына: 1) зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар және белгіленген заңнама ретімен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және жұмысберушілердің шешімімен тағайындалатын өтемақы төлемдердің барлық түрлері кіреді; 2) төлеу көзінен тәуелсіз студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, оқу орындарының оқушылары мен тыңдаушыларына төленетін шәкіртақылар; 3) уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша (соның ішінде бала күтімі бойынша); жүктілігі және тууына байланысты жәрдемақылар; 4) үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету; 5) Республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен, сонымен қатар жұмыс берушілердің есебінен көрсетілген біржолғы төлемдер және материалдық көмектер. 17. Жиынтық табыстың құрамына балаларға және басқа асырауындағыларғы алған алименттер кіреді: 1) Алынған алименттер отбасының жиынтық табысына тиесілі және есептелген уақыт бойынша есептеледі. Алимент төлеушінің еңбекақысының қайта есептелуіне байланысты алынған алименттің қосымша сомалары қарыз есептегенде есептеген уақыты бойынша есепке алынады. 2) егер анасынан (әкесінен) алиментті өндіру сот шешімімен бас тартылса, онда ерлі-зайыпты арасындағы неке бұзылып, бірақ анасы (әкесі) алимент алмаған болса, жиынтық табыс сот шешімінің көшірмесін беру бойынша алиментті есепке алмастан есептеледі; 3) ерлі-зайыптылар арасындағы неке бұзылмаса, бірақ жәрдемақы тағайындауға өтініш берген кезеңде әкесінен (анасынан) алимент өндіру туралы шешім шығарылған болса, отбасының жиынтық табысын анықтағанда әкесінің (балалардың) өткен кезеңдегі кірісі есепке алынады. 18. Жиынтық табыстың құрамына заңнамада белгіленген Көлемде өндірістік жарақаттың әсерінен еңбекке жарамдылығын жоғалту,өзінің еңбек міндетін атқару кезінде жұмысшыға денсаулығына зиян келтіруге байланысты жұмыс берушілермен жүзеге асырлатын біржолғы төлемдер және басқа да шығындар кіреді. 19. Отбасының жиынтық табысына жекеменшік қосалқы шаруашылықтан, соның ішінде үй жануарынан, үй іргесіндегі, бақшалық телімдерден кірістер жатады. Отбасының бір тоқсандағы жиынтық табысында есептелетін кірістің көлемі айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген көлемі есепке алынады. 20. Отбасының жиынтық табысы жәрдемақыға өтініш беру алдындағы тоқсандағы (бірінен бастап біріне дейін) отбасы құрамында есепке алынған барлық жанның кірісін қосу жолымен есептеледі. 21. Отбасының тоқсандағы жан басына шаққандағы орта айлық кірісі отбасының жиынтық табысын әрбір отбасы мүшесіне және тоқсандағы айлардың күндеріне бөлу арқылы есептеледі. 22. Отбасының жиынтық табысын есептегенде есептік айда отбасы құрамында өзгеріс болған жағдайда келген (кеткен) отбасы мүшесінің кірісі келген айдан бастап есепке алынады (есепке алынбайды). Отбасы мүшесінің біреуі түзеу мекемесінде немесе мәжбүрлеп емделуге жіберілсе отбасының жиынтық табысы кеткен (келген) сәтке дейінгі табысы есепке алынады.Бірақ көрсетілген отбасы мүшесінен алынатын алименттер және басқа сомалар осы тұлғылар отбасында көрсетілген себепті толық кезең ішінде болмаған жағдайда, онда олардың кірісі отбасының жиынтық табысын есептегенде есепке алынбайды. 23. Егер отбасы мүшесінің бірі кірісі есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, оның еңбекақысы осы тоқсан ішіндегі айға есептеледі, ал жанбасына шаққандағы кіріс жалпы еңбекақыны және басқа кірісті тоқсан ішінде ай күндеріне бөлу жолымен анықталады. 24. Шетелде жұмыс істейтін отбасы құрамына кіретін тұлғаның жиынтық табысына еңбекақысы ұлттық, сонымен қатар шетел валютасында есепке алынады жиынтық табысты анықтау сәтінде шетел валютасында алынған кіріс Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен анықталған курс бойынша ұлттық валютада қайта есептеледі. 25. Авторлық қаламақы (шарт жасалмаған болса), сонымен қатар өнер табу, рационализаторлық ұсыныстар үшін берілген сыйлықтар алған айдан бастап отбасының мүшесінің жиынтық табысына кіреді. 26. Жұмыс берушінің өтеген ссудалардың, кредиттердің сомасы жнынтық табысқа енгізіледі және ссуда берілген уақытқа, кредит беру оның өтеген сәтінен бөлінеді (жартылай өтелсе-берілген ссуда, кредит уақытына төленген сомаға және сайма-сай).
Тармақ 2
2. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған сәттен (күнінен) бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН: Аудан әкімі И.Қабдуғалиев Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Қ.Дүзелбаев Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Л. Сейдахметов