О внесении дополнений в постановление акимата района № 34/06 от 30 ноября 2009 года "Об организации общественных работ в районе на 2010 год" Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы "Ауданда 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 34/06 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы "Ауданда 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-113 болып тіркелген, "Сельский труженик" аудандық газетінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 52 санында жарияланған) N 34/06 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
қаулының 2 тармағы келесі мазмұнының 4 тармақшасымен толықтырылсын:
"4) Осакаров кенті әкімінің аппаратына қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыз азаматтардың еңбек ақысы 3 ай мерзім бойынша ең төменгі 1,5 жалақысы көлемінде төленсін.".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нүркен Сайфиддинұлы Кобжановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.