О реализации постановления Правительства Республики Казахстан № 343 от 02.03.2000 года «О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы N 343 қаулысын іске асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 16.01.2002 № 9 шешімімен. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы N 343 қаулысын іске асыру мақсатында және Зеленов ауданы Владимировка селосындағы Орал өзені арнасындағы өзгерістердің салдарынан болған төтенше жағдайларды жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Владимировка селосы ауданында және Орал-Көшім жүйесінде болған төтенше жағдайларды жою жөніндегі тапсырыс беруші - облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасы болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Туындаған жағдайды жоюдың шұғылдық сипатын ескеріп, облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасы (Сытдықов) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Заңының 8 және 24-баптарын басшылыққа алып, әлеуетті жобалаушылар мен мердігерлік ұйымдарды бір негізден белгілеуді немесе жабық тендермен жүргізілсін.
Тармақ 3
3. "Батыссушаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Кенжеғалиев) туындаған төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуына кеңестік көмектер көрсетсін.
Тармақ 4
4. Қаржының жұмсалуын бақылау облыстық қазынашылық басқармасына (Соболева) жүктелсін.