О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата № С-34/5 от 23 июля 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2007 жылдың 23 шілдесіндегі № С-34/5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» 1998 жылдың 24 наурызындағы Заңының 28 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуіріндегі Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2007 жылдың 23 шілдесіндегі № С-34/5 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» Шортанды ауданының әділет басқармасында 2007 жылдың 29 тамызында № 1-18-37 тіркелген, аудандық «Вести» 2007 жылдың 27 қарашасында № 41, «Өрлеу» 2007 жылдың 27 қарашасында № 34 газеттерінде жарияланған, шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген ережеге келесі қосымша:
5 тармағы «өрт сияқты» сөздері «табиғи немесе техногендік сипатта туындаған» сөздерімен толықтырылсын»;
8 тармақтағы қосымша жаңа редакцияда баяндалсын:
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы Ереженің 4 тармағының 2), 4) тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын тұлғаларға бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес медико-әлеуметтік сараптама қорытындысы және осы Ереженің 7 тармағының 1) - 6) тармақшаларындағы белгіленген құжаттары негізінде комиссияның қортындысынсыз жүргізеді»;
10 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«осы Ережелердің 5 тармағында көрсетілген отбасыларға (азаматтарға) - 150 айлық есеп көрсеткішіне дейін».
10-1 тармағымен келесі мазмұндамада толықтырылсын:
«Осы Ереженің 4 тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендегідей жекелеген санаттарды әлеуметтік қолдау мақсатында отбасының әр адамына ай сайын айлық есептік көрсеткішінің 50% пайыз мөлшерінде төлем көзделсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы жарияланғаннан 10 күн өткеннен соң қолданысқа кіреді.