О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата № С-34/5 от 23 июля 2007 года «Об утверждении Правил оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям граждан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2007 жылдың 23 шілдесіндегі № С-34/5 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері туралы» 1998 жылдың 24 наурызындағы Заңының 28 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуіріндегі Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2007 жылдың 23 шілдесіндегі № С-34/5 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» (Шортанды ауданының әділет басқармасында 2007 жылдың 29 тамызында № 1-18-37 тіркелген, аудандық «Вести» 2007 жылдың 27 қарашасында № 41, «Өрлеу» 2007 жылдың 27 қарашасында № 34 газеттерінде жарияланған, аудандық мәслихат сессиясының шешімімен енгізілген кейінгі өзгертулер мен толықтырулар: 2007 жылдың 14 желтоқсанында № 3/8 Ақмола облысының Шортанды ауданының әділет басқармасында 2008 жылдың 14 қаңтарында № 1-18-43 тіркелген 2008 жылдың 26 қаңтарында № 4 «Вести» және 2008 жылдың 26 қаңтарында «Өрлеу» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда көрсетілген шешімдегі қосымшаға:
Тармақша 1
1) 4 тармағы 6) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын: амбулаториялық емделуге жататын туберкулезбен ауыратындарға;».
Тармақша 2
2) 10 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын: «Ұлы Отан соғысының ардагерлері және мүгедектері, және Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген тұлғаларға Жеңіс Күнін мерекелеу және мерейтойлық даталарға байланысты - 10 айлық есептік көрсеткішке дейін»;
Тармақша 3
3) 10 тармағы 7) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын «амбулаториялық емделуге жататын туберкулезбен ауыратындарға - 10 айлық есептік көрсеткішке дейін».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы жарияланғаннан 10 күн өткеннен соң қолданысқа енеді.