О внесении дополнений в решение районного маслихата № С-34/5 от 23 июля 2007 года «Об утверждении Правил оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям граждан» Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2007 жылдың 23 шілдесіндегі № С-34/5 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» 1998 жылдың 24 наурызындағы Заңының 28 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуіріндегі Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2007 жылдың 23 шілдесіндегі № С-34/5 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» (Шортанды ауданының әділет басқармасында 2007 жылдың 29 тамызында № 1-18-37 тіркелген, аудандық «Вести» 2007 жылдың 27 қарашасында № 41, «Өрлеу» 2007 жылдың 27 қарашасында № 34 газеттерінде жарияланған, аудандық мәслихат сессиясының шешімімен енгізілген кейінгі өзгертулер мен толықтырулар: 2007 жылдың 14 желтоқсанында № 3/8 Ақмола облысының Шортанды ауданының әділет басқармасында 2008 жылдың 14 қаңтарында № 1-18-43 тіркелген 2008 жылдың 26 қаңтарында № 4 «Вести» және 2008 жылдың 26 қаңтарында «Өрлеу» газеттерінде жарияланған және аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 31 наурызындағы № С-4/9 Ақмола облысының Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2008 жылдың 11 сәуірінде № 1-18-51 тіркелген, 2008 жылдың 12 сәуірінде № 15 «Вести» және 2008 жылдың 12 сәуірінде «Өрлеу» гезеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімдегі қосымшаға:
Тармақша 1
1) 10 тармағы 8) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын: «әлеуметтік қолдауға мұқтаж Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы жарияланғаннан 10 күн өткеннен соң қолданысқа енеді.