Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевых водозаборов подземных вод на участке скважин № 3э/6806 и № 4э/6807 Козыревского месторождения, расположенных в районе Беимбета Майлина Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бейімбет Майлин ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры _______________ Б. Кенжебаев "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесінің бастығы ________________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Бейімбет Майлин ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 121 қаулысына қосымша Бейімбет Майлин ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І-белдеу ІІ-белдеу ІІІ-белдеу Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы № 3э/6806 № 4э/6807 ұңғымалар Ұзындығы – 50 метр Ені – 60 метр 1,042 гектар Ұзындығы – 367,5 метр Барынша ені – 416,4 метр 15,3 гектар Ұзындығы – 1400 метр Барынша ені – 428,5 метр 60,0 гектар