Изменения к Инструкции № 38 "О порядке исчисления и уплаты налога на имущество" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өзгерту енгiзу туралы Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі № 416 бұйрығымен. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
Тармақ 13
13. "Мүлiк салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 38 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 22 бұйрығы. ----------------------------------------------------- Қазақстан Республикасы Президентiнiң 21.12.1995 ж. N 2703 Жарлығына сәйкес "Мүлiкке салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 38 Нұсқаулыққа енгiзiлген өзгертулер "Мүлiкке салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 38 Нұсқаулыққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 17 және 20-тармақтар мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Салық салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша төленедi".
Тармақ 18
18-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 4
"4) Ұйымдар жедел басшылық құқығында олардың қолында бар жалпы пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол ғимараттары бойынша"; 19-тармақта "ең төменгi айлық жалақының" деген сөздер "айлық есептеу көрсеткiштерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясы бастығының бiрiншi орынбасары, салық қызметiнiң II дәрежелi Мемлекеттiк кеңесшiсi