О внесении изменений в решение Акима области № 4-131 от 2 апреля 1998 г. "О взимании платы за использование особо охраняемых территорий" Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің 1998 ж. сәуірдің 2-дегі "Ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы төлету туралы" № 4-131 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық әкімінің 13.12.2004 № 12-114 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. сәуірдің 22-гі "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң аулау шаруашылығы комитетін құру туралы" № 382 Қаулысына сәйкес Алматы облысының әкімі қабылдады:
Тармақ i
I. Облыс әкімінің 1998 жылғы сәуірдің 2-дегі "Ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы төлету туралы" № 4-131 шешіміне төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 тармақтағы "сондай-ақ, автокөлік құралдарының, ауаны ластайтын заттар бөліп шығарғаны үшін" - деген сөз тіркесі алынып тасталсын.
Облыс әкімінің 1998 ж. сәуірдің 2-дегі № 4-131 шешімінің № 1 қосымшасы күшін жойған болып табылсын.
Тармақша 2
2) 3 тармақ төмендегідей редакцияда баяндалсын "Қазақстан Республикасының 1997 ж. шілденің 15-дегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудан түскен қаржы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы табиғат қорғау мекемелерінің арнайы шоттарына жіберілсін.
Табиғат қорғау мекемесі мәртебесі жоқ, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудан түскен қаржы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қарасты ұйымдардың арнайы шотына жіберілсін.
Тармақша 3
3) 4 тармақ төмендегідей редакцияда баяндалсын:
Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.П. Меренковқа жүктелсін.
Тармақ ii
II. Алматы облысының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланғаны үшін төленетін ақының мөлшері осы шешімнің № 1 қосымшасына сай бекітілсін.
Басқа 6
Алматы облысы әкімінің
1998 ж. "26" маусым
№ 6-215 шешіміне
№ 1 қосымша
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келіп-кеткені үшін төленетін ақының мөлшері
р/с
Аталуы
Төлем мөлшері теңге есебімен
Қазақстан Республикасы
Басқа мемлекеттер
1
Жеке адамдар:
ересектер
100
100
мектеп жасындағы балалар
50
50
2.
Автокөлік:
а) 5-ке дейін жолаушы орны бар
300
500
б) 5-тен 10-ға дейін жолаушы орны бар
500
800
в) 10-нан артық жолаушы орны бар
800
1200
г) жүк көлігі
650
800
3.
Аумаққа бір жыл мерзім бойына келіп-кетіп тұруға рүқсат беретін жолдама
6000
6000
4.
Тұрақты санаторлық-курорттық , мекемелер (демалыс үйлері, пансионаттар, турбазалар т.т.) не, адам басына
50
100
5.
Рекреациялық (демалыс) Учаске- лерін пайдаланғаны үшің, бір айға 1 га жерге төленегін ақы
4000
6000
Төлемдердің сомасы ең төменгі есеп айыру көрсеткішіңе сәйкес, проңент есебімен алынады.
Ескерту: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан жүріп, өткені үшін ақы, автокөліктің тиісті кластарына белгіленген ақының 50%-і мөлшерінде алынады. Өткінші жолаушылардан ақы алынбайды. Сондай-ақ, табиғат қорғау аумақтарының тұрақты тұрғындары, ҰОС-на қатысқандар мен оларға теңелгендер, барлық топтағы мүгедектер, мектеп жасына дейінгі балалар және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жұмыс істейтін, мекеме қызметкерлері ақы төлеуден босатылады.