Внести изменения в постановление № 4 от 24.01.2003г. «Об организации и обеспечению работ по выдаче разовых талонов на рынках Алматинской области» Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылғы 24 қаңтардағы "Алматы облысының базарларында біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы" N 4 Қаулыға өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысының әкімиятының 17.06.2003 № 50 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 358 Заңымен Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіндегі 21 - баптың 4-тармағына (Салық кодексі) енгізілген толықтыруларға сәйкес, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, облыс Әкімі ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 24 қаңтардағы "Алматы облысының базарларында біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы" N 4 Қаулыға төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
аталуындағы, сондай-ақ 1, 2 тармақтардың мәтіндеріндегі және 3, 4 тармақтардың аталуындағы "базарларында" деген сөз алынып тасталсын;
"Алматы облысының базарларында біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы" Ереженің аталуындағы, 1-тармақтағы, 2-тармақтың 1, 2, 3 абзацтарындағы, 3-тармақтың 1-абзацындағы "базарларында" деген сөз алынып тасталсын.