Об установлении зон санитарной охраны Свердловского централизованного хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважин № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9 Убаганского месторождения подземных вод на территории Алтынсаринского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин ауданының аумағындағы Обаған кен орнының жерасты сулары № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9 ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған шаруашылық - ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес Алтынсарин ауданының аумағындағы Обаған кен орнының жерасты сулары № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9 ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін. 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Алтынсарин ауданының аумағындағы Обаған кен орнының жерасты сулары № 4, № 5, № 6 № 7, № 8, № 9 ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 47 қаулысына қосымша Алтынсарин ауданының аумағындағы Обаған кен орнының жерасты сулары № 4, № 5, № 6 № 7, № 8, № 9 ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері І-белдеу ІІ-белдеу ІІІ-белдеу Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9 ұңғымалары Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 30 метр 1,7 гектар Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 200 метр 75,36 гектар Ұзындығы – 2875 метр Ені – 6680 метр 1920,50 гектар Ескерту: "Алтынсарин ауданының аумағындағы баған кен орнының жерасты сулары №№ 4-9 ұңғымаларының телімінде Свердлов орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Қарағай су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).