Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в сельских сообщениях по маршруту № 4 Карабулак - Байысов – Алдаберген Жастар – Бактыбай – Елтай – Отенай Қолданыста
Басқа 0
№4 бағыт бойынша Қарабұлақ – Байысов - Алдаберген
Жастар – Бақтыбай – Елтай - Өтенай ауылдық қатынастарда
жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты
тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2, 2-1-тармақтарына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. №4 бағыт бойынша Қарабұлақ – Байысов – Алдаберген - Жастар Бақтыбай – Елтай - Өтенай ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф - 600 (алты жүз) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Абылкасымовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.