О внесении изменений в решение акима области № 408 от 24 марта 2000 года «О рыбохозяйственном освоении водоемов Исатайского района» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 2000 жылғы 24 наурыздағы № 408 «Исатай ауданының су айдындарын балық шаруашылығы үшін игеру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң №75 2000 жылғы 29 ақпандағы бұйрығына және табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң 2000 жылғы 17 наурыздағы №115-п бұйрығына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс Әкiмiнiң 2000 жылғы 24 наурыздағы № 408 "Исатай ауданының су айдындарын балық шаруашылығы үшiн игеру туралы" шешiмiне келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын: Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi (СҮлейменов Қ.): - кеме қатынасына рұқсат жазсын; - балық тұншығу қаупi бар су айдындарының балық шаруашылығы үшiн игерiлуiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
Тармақша 2
2) 4-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын: Облыстық орман және биоресурстар аумақтық басқармасының бастығы (Таубаев Б.): - Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi бекiтуге бұрын берген келiсiмдер мен паспорттарды ресiмдесiн; - балық кәсiпшiлiгi билеттерi мен кәсiпшiлiк журналдарын жазып берсiн;
Тармақ 2
2. 4-тармақ "5-ке", ал 5-тармақ "6" нөмiрлерiне өзгертiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Мақашевқа жүктелсiн.