О решении акима области № 414 от 3 апреля 2000 года «Об оказании адресной социальной помощи одиноким, нуждающимся в посторонней помощи пенсионерам Атырауской области в 2000 году Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 414 "2000 жылы Атырау
облысының жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлеріне
атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі туралы
Екінші шақырылған облыстық мәслихаттың IV сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 414 "2000 жылы Атырау облысының жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі бекітілсін (шешім жалғанды).
Басқа 1
Атырау облысы әкімінің шешімі
2000 жылғы 3 сәуір №414
2000 жылы Атырау облысының жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 7 желтоқсандағы № 1027 "Зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау туралы" қаулысын және облыстық мәслихат сессиясының 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 16-ІІ "2000 жылға облыстық бюджет туралы" шешімін орындауда ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Телефон желісінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге атаулы әлеуметтік көмек төлеу жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 2
2. Атаулы әлеуметтік көмек ай сайын телефонмен пайдаланғаны үшін нақты есептелген абоненттік төлемнің 50 пайызы мөлшерінде төленеді.
Тармақ 3
3. Телефон желісінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (С.Қайрешев) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (А.Әбдіқадырова) атаулы әлеуметтік көмекті жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т.Мұрсалиеваға жүктелсін.
Басқа 9
Облыс әкімінің
2000 жылғы 3 сәуірдегі
№ 414 шешіміне қосымша
Телефон желісінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 7 желтоқсандағы №1027 "Зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау туралы" қаулысын және облыстық мәслихат сессиясының 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 16-11 "2000 жылға облыстық бюджет туралы" шешімін орындау мақсатында әзірленді.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 2
2. Атаулы әлеуметтік көмек телефон желісінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге тағайындалады (алға қарай - "атаулы әлеуметтік көмек").
Тармақ 3
3. Жалғызілікті азаматтардың арыздарын қарау үшін еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарында денсаулық сақтау органдарының мамандарының қатысуымен комиссиялар құрылады (алға қарай - комиссия).
Тармақ 4
4. Комиссия жалғызілікті тұратын зейнеткердің атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы арызының негізінде 5 күннің ішінде оның әлеуметтік-тұрмыстық, денсаулық жа¬дайын тексеріп, Әлеуметтік кӨмек та¬айындау немесе тағайындамау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 5
5. Тұрғын жері бойынша комиссияға төмендегідей құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы жеке арызы;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) арыз берушінің телефон желісінің абоненті екендігін растайтын анықтама;
Тармақ 6
6. Атаулы әлеуметтік көмек арыз берген күннен бастап тағайындалады.
Тармақ 7
7. Комиссия шешіміне сәйкесті хаттамамен ресімделеді және онымен арыз беруші міндетті түрде қол қою арқылы таныстырылады.
Тармақ 8
8. Комиссия тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 9
9. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту жөніндегі комиссияның шешіміне заңмен тағайындалған тәртіпте шағымдануға болады.
Тармақ 10
10. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы арыз, оған қоса тапсырылған барлық құжаттар және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы комиссия шешімінің хаттамасы алушының жеке ісінде сақталады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 11
11. Телефон желісінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге атаулы әлеуметтік көмекті қаржыландыру сәйкесті жылда осы мақсатқа қаралған жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары атаулы әлеуметтік көмек алушылар тапсырған нақты есептелген абоненттік төлем туралы құжаттардың негізінде әрбір айдың 10 жұлдызына дейін өткен ай үшін атаулы әлеуметтік көмек төлеу Үшін қажетті қаржының көлемін анықтап, алушылардың тізімін шығарады.
Тармақ 13
13. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары әр айдың 10 жұлдызына дейін атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімін қазақстан Халықтық банкісінің филиалдарына, ал қаржыландыруға тапсырысты облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жібереді.
Тармақ 14
14. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы әр айдың 10 жұлдызына дейін облыс бойынша қажет қаржының көлемін анықтайды және облыстық қаржы басқармасына қаржыландыруға тапсырыс жібереді.
Тармақ 15
15. Облыстық қаржы басқармасы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тапсырысы негізінде 105.60.00. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламалары бойынша телефон желісінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге әлеуметтік көмек төлеу үшін бюджетте қаралған қаржыны бөледі.
Тармақ 16
16. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ағымдағы есеп шотына қаржы түскеннен кейінгі 2 күннің ішінде қазақстан Халықтық банкісінің облыстық филиалының шотына атаулы әлеуметтік көмек төлеуге қажетті қаржының сомасын, сондай-ақ облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мен қазақстан Халықтық банкісінің облыстық филиалы жасақтаған агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйақыларды аударады. Төлемдерді қазақстан Халықтық банкісінің филиалдары аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарынан алынған атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері негізінде және жеке куәліктері бойынша төлейді.
Тарау 4. 4. Есеп, бақылау жүргізу және есеп беру тәртібі
4. Есеп, бақылау жүргізу және есеп беру тәртібі
Тармақ 17
17. Телефон желісінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті және өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге атаулы әлеуметтік көмек бойынша есеп, бақылау жүргізу және есеп беруді жүзеге асыру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына жүктеледі.
Тармақ 18
18. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары әр айдың 5 жұлдызына дейін қазақстан Халықтық банкісінің филиалдарымен өткен айда атаулы әлеуметтік көмек үшін төленген сомалар бойынша салыстыру актілерін жасап, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жібереді.
Тармақ 19
19. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы әр айдың 5 жұлдызына дейін облыстық қаржы басқармасына өткен айдың ішінде облыс бойынша төленген қаржының есебін жібереді.
Тармақ 20
20. Атаулы әлеуметтік көмектің дұрыс және уақытында төленуіне еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы мен қазынашылық органдары бақылау жасайды.