Утвердить решение акима области № 415 от 3 апреля 2000 года "Об оказании единовременной социальной помощи на бесплатное изготовление и ремонт зубных протезов (за исключением протезов из драгоценных металлов) многодетным матерям Атырауской области в 2000 году" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі №415 «Атырау облысында 2000 жылы көп балалы аналарға тіс протездерін (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегін дайындау және жөндеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімі туралы Екінші сайланған облыстық мәслихаттың ІV сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 415 "Атырау облысында 2000 жылы көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету туралы" шешімі бекітілсін. (шешім жалғанды)
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихат депутаттарының ұсынысымен көп балалы аналарға тіс протездерін (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегін дайындау және жөндеу үшін тағайындалатын бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері жұмыстың бағасына тең болсын, бірақ 6000 (алты) мың теңгеден аспауы қажет.
Басқа 3
Атырау облысында 2000 жылы көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 4 желтоқсандағы № 1002 "Көп балалы отбасыларын әлеуметтiк қолдау шаралары туралы" Жарлығын орындау және көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға 2000 жылғы жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен тiс протездерiн (аса құнды металдардан басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек берiлсiн.
Тармақ 2
2. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiр жолғы әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi бекiтiлсiн (қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы (С.Қайрешев) төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау мен төлеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (А.Әбдiқадырова) төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмектi 2000 жылға облыстық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы шегiнде мезгiлiнде қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiм облыстық мәслихаттың кезектi сессиясының қарауына берiлсiн.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.К.МұрсӘлиеваға жүктелсiн.
Басқа 10
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 3 сәуiрдегi № 415 шешiмiне қосымша Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 4 желтоқсандағы № 1002 "Көп балалы отбасыларын әлеуметтiк қолдау шаралары туралы" Жарлығын орындау және көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Төрт және одан да көп балалары бар (алға қарай-көп балалы аналар) аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн әлеуметтiк көмек көрсету заңмен тағайындалған атаулы әлеуметтiк көмектiң бiр түрi болып табылады.
Тармақ 3
3. Көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн әлеуметтiк көмек көрсетудiң негiзгi мақсаты көп балалы отбасыларын уақытша қаржылық қолдау болып табылады.
Тармақ 4
4. Көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн заңсыз төленген бiржолғы әлеуметтiк көмектер пайдалануға заңдылықтар белгiленген тәртiп бойынша жауапты тұлға есебiнен орнына келтiрiлуге жатады.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртiбi
2. Тағайындау тәртiбi
Тармақ 5
5. Тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн көп балалы аналар¬а берiлетiн бiржолғы әлеуметтiк көмек жылына бiр рет тағайындалады және төленедi.
Тармақ 6
6. Көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк көмектер тағайындау комиссиялары көп балалы аналар арыздарының негiзiнде тағайындалады.
Тармақ 7
7. Тұрғын жерлердегi комиссияға төмендегiдей құжаттар берiледi: - әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi жеке арыз; - отбасы құрамы туралы анықтама; - ортопед-стоматолог дәрiгердiң тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу қажеттiлiгi туралы қорытынды шешiмi; - стомотологиялық мекемеден тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу жұмыстарының құнын растайтын анықтама.
Тармақ 8
8. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу Атырау облысының аумағындағы стоматологиялық мекемелерде жасалса ғана тағайындалады.
Тармақ 9
9. Көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн тағайындалатын бiржолғы әлеуметтiк көмек мөлшерi жасалған жұмыстың бағасына тең болады, бiрақ 3000 теңгеден аспауы кажет.
Тармақ 10
10. Көп балалы аналардың тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі арыздары басқа қажетті құжаттармен бiрге арыз берген күннен бастап 5 күн мерзiм iшiнде комиссияда қаралады.
Тармақ 11
11. Комиссия шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделедi және оның қорытындысы арыз берушiге хабарланады.
Тармақ 12
12. Комиссияның тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындаудан бас тарту жөнiндегi шешiмi заңдылықтарда белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға жатады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртiбi
3. Қаржыландыру және төлеу тәртiбi
Тармақ 13
13. Тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек қаржыландыру облыстық бюджеттiң осы мақсатқа қаралған қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау аумақтық органдары әр айдың 25 жұлдызына дейiн тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн тағайындалған бiржолғы әлеуметтiк көмек алушылардың санын және көмектiң сомасын анықтайды. Бiржолғы әлеуметтiк көмек алушылардың жиынтық тiзiмiн жасап, оларды әр айдың 30 жұлдызына дейiн қазақстан Халықтық банкiсiнiң филиалдарына жiбередi және сонымен қатар облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына қаржыландыру үшiн тапсырыс жiбередi.
Тармақ 15
15. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы әр айдың 30 жұлдызына дейiн облыстық қаржы басқармасына тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн көп балалы аналарға облыс бойынша бiр жолғы әлеуметтiк көмектi қаржыландыруға тапсырыс жiбередi.
Тармақ 16
16. Облыстық қаржы басқармасы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының тапсырыстарына сәйкес облыстық бюджеттiң 258.46.30 "Көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн әлеуметтiк көмек" бағдарламасы бойынша қаралған қаржы шегiнде қаржыландыруды ашады.
Тармақ 17
17. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары ағымдағы шоттарына қаржы түскеннен кейiн 2 күннiң iшiнде қазақстан Халықтық банкiсiнiң облыстық филиалының шотына тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн көп балалы аналарға бiр жолғы әлеуметтiк көмек төлеуге қажеттi соманы аударады, сонымен қатар облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы мен Қазақстан Халықтық банкiсiнiң облыстық филиалы арасында¬ы агенттiк келiсiмге сәйкестi комиссиялық сыйақыларды аударады. Қазақстан Халықтық банкiсiнiң филиалдары бiржолғы әлеуметтiк көмектердi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау аумақтық органдарынан алған алушылардың тiзiмдерi негiзiнде және құжаттарын (тұлқұжат, куәлiк) көрсеткеннен кейiн төлейдi.
Тарау 4. 4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
Тармақ 18
18. Тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасал¬ан протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек бойынша есеп жүргiзу, бақылау және есеп берудi жүзеге асыру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жүктеледi.
Тармақ 19
19. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау аумақтық органдары ай сайын Қазақстан Халықтық банкiсiнiң филиалдарымен өткен айда тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмекке төленген төлемдер сомалары бойынша салыстыру актiлерiн жасайды және әр айдың 5 жұлдызына дейiн облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына белгiленген нысандағы есеп тапсырады.
Тармақ 20
20. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау әр айдың 5 жұлдызына дейiн облыстық қаржы басқармасына тағайындалған нысан бойынша облыс көлемiнде жиынтық есеп тапсырады.
Тармақ 21
21. Көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек төлеудiң дұрыстығына және уақытында болуына еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау, қаржы және қазынашылық органдары бақылау жасайды.