О внесении дополнений в постановление акимата Алтынсаринского района № 42 от 15 апреля 2022 года «Об утверждении положения о государственном учреждении «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата Алтынсаринского района» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 42 «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарының 114-тармағы «Әділ Қазақстан-Барлығы үшін және әрқайсысы үшін». Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 2-17-02/7151-И хаты; Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 05-21/4178 хаты негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 42 «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізілсін: 17-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;» 17-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) медиация саласында жүйелі жұмыс жүргізу;»
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.