О реализации Постановления Правительства РК № 439 от 15 апреля 1996 г. "О запрещении использования в Республике Казахстан экологически вредных пестицидов и порядке их захоронения" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 15 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында экологиялық зиянды пестицидтерді пайдалануға тыйым салу және оларды көмудің тәртібі туралы" 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-95 шешімімен. Қоршаған ортаның ласталуын, ауылшаруашылығы өнімдерінің зияндануын, сондай-ақ пестицидтердін адам денсаулығына және жануарлар әлеміне зиянды әсерін болдырмау мақсатында облыс әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының осы жылғы 15 сәуірдегі № 439 қаулысы еске алынсын және орындалсын.
Тармақ 2
2. Облыстық экология және биоресурстар басқармасы /Б.Ұлдарбеков облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен /Т.Ұ.Ұзақов/ бірлесе отырып аудандар әкімдерінің ықпал етуімен: - 1996 жылы 20 маусымға дейін облыс аумағындағы пайдалануға тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олар сақталған тараны инвентаризациялауды қамтамасыз етсін; - пайдалануға тыйым салынған немесе жарамсыз деп табылған пестицидтер міндетті түрде көмілуге немесе жойылуға жатады. Барлық жұмыс олардың иелері есебінен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Пайдалануға тыйым салынған немесе жарамсыз пестицидтерді көму және жою жұмыстарына бақылау экология және биоресурстар және ауыл шаруашылығы басқармаларына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Аудандардың әкімдері, зкология және биоресурстар басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы осы шешімнің орындалу барысы туралы 1996 жылғы 1 шілдеге хабардар етсін.