Об утверждении решения акима Акмолинской области № 441 от 22 февраля 2000 года «О социальных льготах специалистам здравоохранения» Күшін жойған
Басқа 0
«Денсаулық сақтау мамандарына әлеуметтік жеңілдік беру туралы» Ақмола облысы әкімнің 2000-жылғы 22-ақпандағы № 441 шешімін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 27.04.2007 № 3С-26-12 шешімімен.
Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
«Денсаулық сақтау мамандарына әлеуметтік жеңілдік беру туралы» Ақмола облысы әкімінің 2000-жылғы 22-ақпандағы № 441 шешімі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Акмола облысы әкімінің ШЕШІМІ
№441 2000-жылғы ақпанның 22-сі
Денсаулық сақтау жүйесінің
мамандарына әлеуметтік
жеңілдік беру туралы
«Әлеуметтік-мәдениет мекемелері қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір Заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22-қарашадағы Заңына сәйкес:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын селолық жерде медицина ұйымдарында жұмыс істейтін денсаулық сақтау мамандарының жалақысы мен тарифтік еңбек акысы 25 процентке жоғарылатылсын.
Тармақ 2
2. Осы төлем ақыны жоғарылату медицина ұйымдарының жоспарланған шығыс сметасы бойынша жалақы қорынан жүргізілсін.
Тармақ 3
3. 6 22 58 3700 бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, селолық жерлерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау мамандарына әлеуметтік көмек төлеміне отын алуға рұқсат етілсін.
Тармақ 4
4. Жұмысы көшпелі сипаттағы медициналық ұйымдардың денсаулық сақтау кызметкерлеріне шығыс сметасынды көзделген облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы есебінен қоғамдық көлікте жүруге жолу жүру билетін алуға рұқсат етілсін.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (И.М.Комалдиновке) жұмысы көшпелі сипаттағы қызметкерлердің тізбесін бекітсін.
Тармақ 6
6. Денсаулық сақтау қызметкерлеріне ұсынылып отырған жеңілдектер облыстық мәслихаттың сессиясына бекітуге енгізілсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ж.Жалмағамбетоваға жүктелсін.