О внесении изменений и дополнений в решение № 447 от 8 июня 2006 года 27 сессии Саранского городского маслихата «Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья, оплату коммунальных услуг и компенсацию повышения тарифов абонентской платы за телефон абонентам городских сетей телекоммуникаций» Күшін жойған
Басқа 0
Саран қалалық мәслихатының 2006 жылғы 8 маусымдағы 27 сессиясының «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің Қағидасын бекіту туралы» № 447 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі «Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Қағидасын бекіту туралы» № 949 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Саран қалалық мәслихатының 2006 жылғы 8 маусымдағы 27 сессиясының «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы» № 447 шешіміне ( нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелім Реестрінде 8-7-27 нөмірмен тіркелген, «Ваша газета» газетінде 2006 жылы 8 шілдеде № 27 жарияланған ) төмендегідей өзгертулер мен толықтырулыр енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау және төлем тәртібі» деген 3 бөлімнің 7 тармағы жаңаша басылымда мазмұндалсын: «Түрлі келіспеушіліктер, дау – дамайлар туындаған жағдайда тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау туралы шешім комиссияның қарауына берілуі мүмкін. Комиссияның шешімімен келіспесе, тұрғын үй жәрдемақысына үміткер сот тәртібінде қарауына құқықты».
Тармақша 2
2) 6 бөлім толықтырылысын: «Жәрдемақы төлеуге жиынтық кірісті есептеу».
22. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрі – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді (бұдан әрі – уәкілетті орган).
23. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі. Есепті кезенде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келесі отөсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
24. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақсына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрі – есепті кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақщалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есептеледі.
25. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
26. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде (оның ішінде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептік кезенде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
27. Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
28. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері
29. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезенде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықты – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтын түсетін табыс;
5) өзге де табыстар.
30. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй жәрдемақысы;
3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
5) жеке ісің ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
6) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
7) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге юару жолына ақы төлеу;
8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
9) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, нақты көрсетілетін көмек түрлері : дәрілік препараттар, санаторийлік – курорттық емдеу, протездік – ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу), жүріп-тұру құралдары (кресло- арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары, білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері;
11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
12) төтенше жағдайлар солдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.
Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын балаларға, біреудің қарауындағыларға алимент түріндегі табсытар
31. Жиынтық табысты есептеу кезінде балаларға, береудің қарауындағыларға алимент түріндегі табыстар есепке алынады.
Алименттер, сондац ақ алимент төлеушілердің еңбекақысын есептеумен байланысты алынған қосымша суммалар олардың алу мерзімінде қарай есептеледі.
32. Қарауындағыларды асырауға міндет алған тұлғаның мекен жайы туралы дерек болмаса, алимент алуға мүмкіндігі болмайтындарға отбасының жиынтық есебі көрсетілген тұлғаның іздеуде жүргендігі туралы тиісті органдардан түскен құжаттарға қосымша жазбаша өтінішінің негізігде есептеледі.
33. Төлемші алимент төлеуден бас тартса, жиынтық табысқа алимент кіргізілмейді.
34. Ата аналар арасындағы неке бұзылмаса, бірақ олардың біреуінен алимент алынып, отбасымен бірге тұрып жатса, жиынтық табысқа оның кірістері толығымен есептеледі. Ерлізайыптылар бөлек тұрса, отбасының жиынтық табысына алимент кіргізіледі.
35. Егер баланың анасы оның әкесімен некеде тіркелмеген болса, алимент төлеу туралы соттың шешімі болмаса, жиынтық табыс алиментті есепке алмай есептеледі.
36. Балаларға, біреудің қарауындағыларға төленетін алименттер тиісті ұйымдардың берген алимент алғандығы туралы пошта аударымдарының түбіртегі немесе аударылған алименттер туралы анықтамалар болуы керек, сондай-ақ алимент төлеттіру туралы сот органының шешімі мен жазбаша өтініші негізінде есептеледі. Алимент төлеу кезінде 3 айдан асқан қарыз болса, қарыздарды анықтау бойынша сот атқарушысының қаулысы ұсынылады.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешім қалалық «Ваша газета» газетінде ресим жарияланғаннан кейін, он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.