О внесении изменений в постановление акимата города Аркалыка № 45 от 26 февраля 2003 года "О правилах по организации и финансированию социальных рабочих мест" Күшін жойған
Басқа 0
Арқалық қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 26 ақпандағы № 45 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы” қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Арқалық қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 26 ақпандағы № 45 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы” қаулысын Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 3-бабы 3-тармағының 4)-тармакшасына сәйкестендіру максатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арқалық қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 26 ақпандағы № 45 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2114) қаулысына төмендегі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының тақырыбы төмендегі редакцияда берілсін: «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұскаулық туралы»;
Тармақша 2
2) қаулы мен қосымшаның мәтініндегі: «ереже», «ережеде», «ережесін» деген сөздер: «нұсқаулық», «нұсқаулықта», «нұсқаулығын» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Ж. Шамшинге жүктелсін.