Об установлении зоны санитарной охраны на участке скважин № 450309а, № 1п и № 450313ц для хозяйственно - питьевого водозабора села Озёрное Костанайского района Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай ауданының Озерное ауылының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 450309а, № 1п және № 450313ц ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы Озерное ауылының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 450309а, № 1п және № 450313ц ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қостанай ауданындағы Озерное ауылының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 450309а, № 1п және № 450313ц ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы
Әкімдіктің
2016 жылғы 12 сәуірдегі
№ 173 қаулысына
қосымша
Қостанай ауданындағы Озерное ауылының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 450309а, № 1п және № 450313ц ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы
Су тарту көзінің атауы
Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері
I белдеу
II белдеу
III белдеу
Шекарасы
Ауданы
Шекарасы
Ауданы
Шекарасы
Ауданы
№ 450309а ұңғымалар;
Радиусы –
әр ұңғыманың айналасында 50 метр
3,0 гектар
Радиусы –
әр ұңғыманың айналасында 113 метр
9,0 гектар
Радиус – 1384 метр
589,5 гектар
№ 1п;
№ 450313ц
Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекаралары «Озерное ауылының су тартуы үшін су тартуының санитарлық қорғау аймағы» Қостанай ауданындағы Озерный жер асты сулары учаскесінің № 450309а, № 1п, № 450313ц су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймағының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші «Қазақстан Республикасының минералдық ресурстар академиясы» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалы).